Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Блог руководителя

​​​​​

КЛУБ "ПОКОЛЕНИЕ +"

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Национальный институт интеллектуальной собственности

Вход в систему

Сбор новостей

Сейчас на сайте

Сейчас на сайте 0 пользователей и 14 гостей.

БАЛАЛАРҒА БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН КҮН

Ағымдағы  жылдың 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық білім басқармасы Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Тараз қалалық филиалының директоры Б.Әліптайұлы, кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Қойбақов, бас есепші Ә.Ерменбаева, кадр бөлімінің басшысы М.Баймурзаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы М.Керімбеков, «Елу жылда Ел жаңа» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ш.Батырбекқызы, «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының және Тараз қаласының «Билайн орталық» өкілдері, облыстық орыс драма театрының әртістері, «Үміт оты» еріктілер тобы және БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән әуелетіп, мың бұрала билеген балалар көрермен көзайымына айналды.
Өз кезегінде балалар үйінің демеушілері балаларға сыйлықтар тарту етті. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Б. Әліптайұлы балалар үйінің тәрбиеленушісі 5 сынып оқушысы Есімжан Шәбденнің жеке есеп-шотына мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ретінде 315000 теңгені аударып, сертификат тапсырды. 
Сондай-ақ, іс-шарада балалар үйінің «Ең үздік тәрбиеленушісі» атанған Р.Яроваяға «Елу жылда Ел жаңа» қоғамдық ұйымының жетекшісі Гидроскутер сыйлады. «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының ұжымы балаларға жаздық футболкалар, костюмдер мен көйлектер сыйлады. Тараз қаласының «Билайн» орталығының өкілдері мен «Үміт оты» еріктілер тобы балаларға тәттілер, балмұздақтар, сыйлықтар тарту етсе,  облыстық орыс драма театрының әртістері балаларға естелік сувенирлер сыйлады. 
Сонымен қатар, облыстық ІІД ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері арасында мини футболдан турнир өткізілді.
Турнир жеңімпаздары атанған Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кубок, дипломдар және музыкалық орталық табыс етілді. 
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар «Үміт» бөбектер үйінде, Облыстық жасөспірімдер үйінде және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында да өткізілді. Онда балалаларға арналған концеттік бағдарламалар мен ертегілік қойылымдар ұйымдастырылды. 
«Балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткен мерекелік шараға облыстық білім басқармасының өкілдері М.Керімбеков, Г.Ертагина қатысып, балаларға тәтті шырындар мен торттар сыйға берілді. 
Ал облыстық жасөспірімдер үйінде өткен іс-шарада «Гала», «Димка» кондитерлік дүкендері, «Аида», «Ширинком», «Фиркан» дүкендері балаларға кондитерлік өнімдер мен сусындар сыйлады. Демеушілер мен мекеме қызметкерлерінің көмегімен тәрбиеленушілерге ауызашар берілді.

 

 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Послание Президента Республики Казахстан

Үздік педагог 2018

Өлкетану

Анкета для обследования информационных систем

Анкета «Программирование и курсы робототехники»

"Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"

"100 новых лиц Казахстана"

​​

Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособно

Государственные символы Республики Казахстан

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Стоп коррупция

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары