Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Блог руководителя

КЛУБ "ПОКОЛЕНИЕ +"

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Комплексная программа

Национальный институт интеллектуальной собственности

Вход в систему

Сбор новостей

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» 12-ші Ұлттық ақпараттық науқанын өткізуге байланысты баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 мамырында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» 12-ші Ұлттық ақпараттық науқанын өткізуге  байланысты баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды.
Баспасөз-конференциясына облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Сембина Зүбайра Жарқынқызы, Жамбыл облысының ІІД ЖПҚ Әкімшілік полиция басқармасының ЮПБ бастығы Қалжанов Қуанышбек Жақсылықұлы, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасын қадағалау бөлімінің басшысы Туғанбаев Мухамедқали Мәуленұлы, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Сембекова Жаңыл Досайқызы және БАҚ өкілдері қатысты.
Елімізде 2017 жылдың 20 мамыры мен 15 маусымы аралығында   1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - балалардың мүддесіне мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-орталардың, БАҚ-ның күшін біріктіру, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Акция шеңберінде балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің Шеруі, «Жұлдызай» ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында балалар шығармашылығының республикалық фестивалі, «Балалар бастауы» әлеуметтік жобалардың республикалық конкурсы, «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны, балалардың жазғы сауықтыру демалысы кезеңінің ашылуы өткізіледі.
Сонымен қатар осы акция аясында облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыс көлемінде «Балалардың құқықтарын бірге қорғайық» («Защитим детей вместе») атты акцияны, қорғаншылар мен қамқоршылар, патронат тәрбиешілер арасында жетім балаларды сәтті әлеуметтік бейімдеуге бағытталған «Ұлдың - ата-жұрты, қыздың - төркіні болып қалу» («Оставаться родным человеком для ребенка, родительский дом – родной очак»)  акциясын және  «Әрбір бала өз отбасымен бірге тұруы тиіс» («Қаждый ребенок должен жить в своей семье») атты акциялары ұйымдастырылады.
Осыған орай, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде өткізілетін «Қазақстан балалары - Нұрлы болашаққа!» атты іс-шаралар жоспары  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуовпен бекітілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қазанындағы №3-11-4/3550-И хатына сәйкес Қазақстанда «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуі қарсаңында 2017 жылғы 1 маусымда Халықаралық балалар күніне орай барлық облыстық орталықтарда балалар және жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі (ары қарай – Шеру) ұйымдастырылып өткізіледі. 
Тараз қаласындағы «Достық» алаңында 1 маусым күні сағат 9.00-де 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Нұрлы болашақ!» бүкілқазақстандық акциясы шеңберінде Балалалар мен жастар музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің Шеруі өтеді. 
Шерудің мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың орындаушылық шеберліктерін қолдау және дамыту. 
2017 жылғы 1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» 12-ші Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Аталған науқан «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен өтеді. 
Ұлттық ақпараттық науқан мақсаты - бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру болып табылады.
Осыған орай, Науқан шеңберінде 2017 жылдың 1-12 маусым аралығында бала еңбегінің алдын алу бойынша БАҚ-да мақалалар жариялау арқылы ақпараттандыру, «дөңгелек үстелдер» мен конференциялар, тақырыптық көрмелер, балалардың сурет және шығармалар байқаулары, бала еңбегінің ең нашар түрлеріне балаларды тартуды болдырмау туралы меморандумдарға қол қою шараларын қосқанда мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, пікірталастар, телеарналарда отбасы құндылықтары мен бақытты балалық шақты насихаттайтын бейнероликтердің көрсетілімдерін, құқық қорғау органдарын, жастар ұйымдарын, ата-аналар қауымын, үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шаралар ұйымдастырылады.

 

Послание Президента Республики Казахстан

Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособно

Государственные символы Республики Казахстан

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Стоп коррупция

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

Центр медиации и права "Бітімгер"

Реестр должников по исполнительным производствам