Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Блог руководителя

​​​​​

КЛУБ "ПОКОЛЕНИЕ +"

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Национальный институт интеллектуальной собственности

Вход в систему

Сбор новостей

Сейчас на сайте

Сейчас на сайте 0 пользователей и 24 гостя.

Мектептер арасында жүргізілетін рейтинг жүйесі туралы

Оқу жылы басталарда ата-аналар балаларын білім көрсеткіші жоғары мектепке бергісі келіп, ұзақ таңдау жасайды. Ондағы ойы – ұл-қызым сапалы білім, саналы тәрбие алсын дегені. Бірақ көпшілігі сол көрсеткіштерді жақсартуға өздері үлес қоса алатынынан хабарсыз.

Білім беру мекемелері қызметтерінің тиімділігін бағалау, оның сапасын арттыруға ынталандыру үшін көпшіліктің пікірі маңызды. Тұрғындардың жақсы деген бағасы келесі жолы сол мектептің көрсеткішінің жақсаруына ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ шынайы сынның керісінше әділ бағалауға әсері бар. Осыны ескеріп, облыстық білім басқармасы өңір тұрғындарының аймақтағы білім жүйесінің дамуы жөніндегі біртұтас көзқарасын қалыптастыру мақсатында  орта білім беру ұйымдары арасында рейтниг жүргізеді.

Рейтинг жүргізу идеялары білім сапасын бағалаудың сенімділігін арттыру мақсатынан туындаған. Ол үшін алдымен мүдделі тараптар мен қоғам хабардар болуы тиіс. Рейтингтіанықтауда келесі критерийлер ескеріледі: оқыту мен тәрбие берудің сапалы нәтижесі, заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқыту процесінде қолданудың тиімділігі, сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарын дамытудың тиімділігі, олардың қызметі туралы ақпараттардың шынайылығы мен қолжетімділігі, ата-аналардың және бітірушілердің мектепке деген қарым-қатынасы, педагогтардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру деңгейі, басқару тиімділігі.

Мұндай критерийлерінің жалпы саны –45. Рейтинг орта мектептерде–43, негізгіде – 35, бастауыш мектептерде  21 критериймен сараланады. Бұған барлық білім мекемелері қатыса алады. Ал сараптау жұмысын аудандық, қалалық рейтингтік комиссия жүргізіп, шешім қабылдау үшін білім басқармасына ұсынады.

Өңірлік эксперттік комиссияның құрамына білім басқармасының өкілдері,  аймақтағы жоғары оқу орындарының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің өкілдері, директорлар кеңесінің мүшелері, педагог ардагерлер және тұрғындар кіреді. Аудандық деңгейдегі комиссия құрамы да солай жасақталады. Рейтинг қорытындысы ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан соң жылына бір рет  тамыз айында шығарылады.

Бұдан бөлек білім беру ұйымдарының қызметін бағалау үшін оқушылар мен ата-аналардың виртуалды-онлайн дауыс беруі (әрбір білім бөлімі өздерінің сайтында мектептердің қызметі, жетістіктері туралы материалдарды орналастырады, ата-аналар мен оқушылар дауыс береді) қарастырылған. Осы аяқталған оқу жылындағы қызмет нәтижелері көрсеткіштерінің  жиынтығы негізінде әрбір білім беру ұйымының жұмыс жағдайы, мысалы инновациялық, даму, жұмыс және кризистік режиміндегі, сондай-ақ дұмыс істеу режимін (тоқыраудағы) тоқтатқан мектеп екендігі анықталады. Ал топтарды жинақтайтын параметрлердің үш блогы бойынша, яғни, «процесс» және «нәтижелердің» сипаттамалары  (оқыту процесінің қорытындысы), оқыту нәтижесі бойынша ата- аналардың  қанағаттанушылық  сипаттамаларына сай кластері нақтыланады.

Нәтижесінде педагогикалық инновациялық режимде жұмыс істейтін жалпы білім беретін  мекемелері  өңірлік  рейтингтің  қорытындысына сәйкес  білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде  қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Төмен деңгейдегілері аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бақылауына алынады.

Прикрепленный файлРазмер
рейтинг_орта_мектеп.doc169.5 кб
рейтинг_сред_школы.docx54.56 кб

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Послание Президента Республики Казахстан

Үздік педагог 2018

Өлкетану

Анкета для обследования информационных систем

Анкета «Программирование и курсы робототехники»

"Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"

"100 новых лиц Казахстана"

​​

Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособно

Государственные символы Республики Казахстан

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Стоп коррупция

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары