Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

ҚАРАУ ЖӘНЕ ЖҮКТЕУ

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қызметкерлерінің 2017 жылғы тамыз педагогикалық кеңесінің үлгі тақырыптары

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы – қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық факторы. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған он-лайн режиміндегі секция отырысы өтті

2017 жылдың 11 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Қазақстан Республикасында үздіксіз тәрбие мен білім беру Тұжырымдамасына сәйкес мектепте тәрбие үдерісін ұйымдастырудың басым құндылықтары, қағидалары және амалдары» тақырыбындағы директордың тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарлары  мен сынып жетекшілерге арналған 2017 жылғы облыстық тамыз кеңесінің он-лайн режиміндегі секция отырысы өткізілді.

Информатика, химия, биология пәндері мұғалімдерінің секция отырыстары өтті

2017 жылдың 11 тамыз  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында «Zhambil_Obl_UMС» комнатасында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабағындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау», «Білім берудің жаңа философиясы тұжырымдамалық идеяларын жүзеге асыру контекстінде жаратылыстану-ғылыми пәндерін жаңғырту» тақырыптарында информатика, химия, биология пәндері мұғалімдерінің секция отырыстары өткізілді.

Облыс оқушысы Халықаралық олимпиадада қола медальді иеленді

Облысымыздың «Білім-инновация» мектеп-интернатының оқушысы Назарбеков Алишер биология пәнінен өткен 28-ші Халықаралық олимпиадада ел құрама командасы атынан қола медальді иеленді.

Cудағы қауіпсіздік ережелері

«Серпін» жастарға жаңа мүмкіндік береді

Облысымыздың дарынды оқушылары "ЭКСПО - 2017" көрмесіне барып қайтты

2017 жылдың 23 шілде мен 26 шілде аралығында облысымыздың 50 дарынды оқушысы "Астана ЭКСПО - 2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып қайтты. 

Сапарды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай еліне баруға мүмкіндік беретін пинг-понгтан аймақтық турнир басталды

 «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, «Бауыржан» қайырымдылық қоры, облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында  үстел теннисінен «Пинг-понг ханшайымы» атты аймақтық турнир Тараз қаласындағы «Мейірім» мектеп-интернатының спорт кешенінде өтті.

Судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

26 шілдеде Талас өзені маңында облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында өткен шараға Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық білім басқармасының, жергілікті полиция қызметінің, БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Мамандар тұрғындардың рұқсат етілген жерлерде, арнайы жағажайларда ғана суға түсуін тапсыра отырып, арнайы әзірленген жадынамалар таратты. 

"Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2017 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

Халықаралық олимпиадада оқушымыз қола медаль иеленді

2017 жылдың 6-15 шілде күндері аралығында Тайланд мемлекетінің Накхонпатхом қаласында химия пәні бойынша 49-шы халықаралық олимпиада өтті.

Олимпиадаға 76 елден, барлығы 297 оқушы қатысты.

Жалпы есепте Қазақстан 76  елдің арасында 22-ші орынды иеленді.

Облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Серік Нұрасыл Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы атынан қатысып, қола медальді иеленді. 

Судағы қауіпсіздік ережелері

Облыстық білім басқармасында онлайн режимде кеңес өтті

2017 жылдың 20 шілде күні облыстық білім басқармасында облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетованың төрағалығымен кеңес өтті. Онлайн режимде өткен кеңесте балаларды сауықтыру демалысын ұйымдастыруда олардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы каникул кезеңінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қаралды.

Суға шомылу кезінде оқушы білуі тиіс қауіпсіздік шаралары

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі