Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Т.Рысқұлов ауданында "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы анықтама

Т.Рысқұлов  ауданындағы білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай-күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың

 өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының орындалуы   туралы

АНЫҚТАМА

       

  Облыстық   білім басқармасының  2 қараша 2015 жылғы №683 бұйрығымен ағымдағы жылдың 4 қарашасы  күні  Т.Рысқұлов ауданындағы білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай-күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы  зерделенді. Зерделеуге  7 мектеп (№2  шағын орталықты орта мектебі (дир.Е.Ембердиев), Құлан шағын орталықты орта мектебі (дир.А.Тажиков), Ш.Уәлиханов  атындағы шағын орталықты орта мектебі (Ш.Дайрабаева), №1 мектеп –лицейі (дир.Қ.Тасыбаев),Ю.Гагарин атындағы орта мектебі (А.Ембердиева), Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі (Б.Абитаева), М.Горький атындағы орта мектебі (дир.Г.Найзабекова); 6 балабақша («Балапан» (меңгерушісі А.Досмухамбетова ), «Бәйшешек» (меңгерушісі З.Отарымбетова), «Балауса» (меңгерушісі Н.Торланбаева),  «Балдаурен» (меңгерушісі Р.Шамшиева) «Балбөбек» (меңгеруші м.у.а. А.Қауғабаева), «Алсын сақа» балабақшасы    қамтылды.

Басқарма басшысының 18.02.2015 жылғы №01-667 хатымен аудандық білім бөліміне  Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментімен бірлескен «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің іс-шаралар» жоспары жұмыста басшылыққа алып жұмыс жүргізу үшін  жолданған болатын.

Аудандық білім бөлімі (04.03.2015 жылы №15-3-592 хат) аталған іс - шара жоспарына сәйкес  білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын  жасаған, жоспар ауданның барлық білім мекемелеріне таныстырылып, жұмыстар жүргізілген.   

Сонымен қатар, басқарма тарапынан (24.02.2015 жылы №03-742 хат) Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментінің әлеуметтік желілердегі интернет сілтемелері, байланыс телефондары жазылған ақпараттық парақшаларын көпшілікке көрінетін орындарда орналастыру  туралы хат жолданған болатын. Аудандық білім бөлімі жоғарыда  аталған  хатты  ауданның барлық білім мекемелеріне  орындау туралы үшін жіберген.   

Алайда, №2  шағын орталықты орта мектебінде, Құлан шағын орталықты орта мектебінде, Ш.Уәлиханов  атындағы шағын орталықты орта мектебінде,  №1 мектеп –лицейде, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде, М.Горький атындағы орта мектебінде, «Алтын сақа» балабақшасында ақпараттық парақшалар көпшілік көрінетін орындарда орналастырылмаған, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы  ақпараттық бұрыштар  (стенд) дайындалмаған.

Сондай-ақ, зерделеуге қамтылған балабақшаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілмеген.

Зерделеуге қамтылған барлық  мекемелерінде  сенім телефоны мен сенім жәшігіне жауапты маман  бекітілмеген.  Ш.Уәлиханов  атындағы шағын орталықты орта мектебінде   сенім жәшігі көрінбейтін  (ағаш кобдиша) құралдан жасалған.

Төмендегі балабақшаларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 07.07.2015 жылғы №172 бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және  «Мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бұзылғандығы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайтын Қазақстын Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының» 37–тармағының «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады» - деген  талаптары  орындалмағаны анықталды.

Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сәбденов ауылы, «Бәйшешек» балабақшасы бойынша: Балабақшада 3 топ орналастырылған, онда 75 бала бар. «Балауса» тобында ата-аналардың балабақшаға қабылдау туралы өтініштері толық емес.

«Балбөбек» балабақшасы бойынша:  Балабақшада 7 топ, онда 175 бала қамтылған. 2011-2012 жылдардағы ата-аналардың өтініштерінде бұрыштамалар жоқ, қол қойылмаған. Жолдаманы тіркеу журналы дұрыс толтырылмаған. Мысалы, Бейсен Бағдәулеттің 2010 жылғы жолдамасы журналға тіркелмеген. Жолдамадағы көрсетілген кестелер мүлдем толтырылмаған. Ата-ана мен балабақша арасындағы келісімшартқа қол қойылмаған. 2012 жылғы Қасым Еркеназ деген баланың ата-анасымен келісімшарт мүлдем жасалынбаған. Жолдаманы тіркеу  журналы және өндірістік кеңес хаттамаларын тіркеу журналы түптелмеген, мөр басылмаған, нөмірленбеген.

«Балдырған» балабақшасы бойынша:  Балабақшада 6 топ жұмыс атқарады, онда 148 бала бар. Балалардың құжаттамалар тізбесін қарау  барысында   10 баланың жолдамасы жоқ. Меңгерушінің түсіндіруі бойынша, бұл 10 баланың аудандағы «Ткацкая фабрика»ЖШС-і  мен балабақша  арасындағы келісімшартқа тұруы негізінде фабрика жұмысшыларының балалары жолдамасыз қабылданған. Себебі, балабақша ғимараты «Ткацкая фабриканың» меншігінде.

Балабақша меңгерушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   07.07.2015 жылғы №172 бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және  «Мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын өрескел   бұзған.

«Балауса» балабақшасы бойынша: Балабақшада 8 топ ұйымдастырылған, 200 бала тізім бойынша бар, оның ішінде 2 топ санаторлық топ.  «Айгөлек» тобында тізім бойынша  25  бала, 24 баланың құжаты бар, осы топта  балабақшадан шыққан  баланы тізімнен шығармаған. Балаларды балабақшадан шығару бұйрығы жоқ.

Педагогтарды іріктеу, қызметкерлердің жеке іс-қағаздары, құжаттарының жүргізілу жайы бойынша:

Аудан бойынша  1783  педагог қызметкердің 733 –і (41,1%),   оқудың  сырттай бөлімін бітірсе, зерделенген мектептерде, әсересе  аудан  оталығы мен оған іргелес елді мекендерде орналасқан мектептерде  маман тапшылығы болмасада, оқудың сырттай формасын бітіргендердің  үлесі  кемімей отыр.

Т.Рысқұлов атындағы орта  мектебінде  130 педагогтың  48 –ы (36,9%), Ю.Гагарин атындағы  негізгі мектебінде  43 педагогтың 15 –і (34,8%),  №1 мектеп –лицейінде  102  педагогтың   36- ы (35,2%),   Ш.Уәлиханов атындағы  орта мектебінде  50  педагогтың  12- ы (24%),  Құлан шағын орталықты орта мектебінде 65  педагогтың  15- ы (25 %),№2 шағын орталықты орта мектебінде 140  педагогтың  47- ы (33,5 %) оқудың  сырттай формасын бітірген.

Зерделеуге қамтылған 7 мектепте  530 педагог қызмет атқарса ,оның 173 –і  (32,6 %) сырттай оқу түрінде  білім алған.

№1 мектеп –лицейінде (4),  №2 шағын орталықты орта мектебінде (7), Ш.Уәлиханов атындағы  орта мектебінде (1) толық емес  жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер бар. 

Қазақстан Республикасы „Білім туралы“ Заңының 51- бабының 1 - тармағында „Тиісті бейіні бойынша  арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі  бар адамдар педагогтік  қызметпен айналысуға жіберіледі“  делінген. Зерделеуге қамтылған бірқатар мекемелерде „Білім туралы“ Заңының осы талабы орындалмай отыр. Мыс:Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметіне Қ.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетін бастапқы әскери даярлық мамандығы бойынша сырттай нысанда бітірген Б.Көбесалиев толық жүктемемен (25.09.2010 ж №64 бұйрық)  жұмысқа қабылданған.

Ағылшын тілі пәні  мұғалімі  қызметіне М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін „аудармашы“ мамандығы бойынша бітірген А.Хамитованы   (01.09.2014 ж № бұйрық) қабылдаған.  Мектепте 8 ағылшын тілі мұғалімі жұмыс жасағанына қарамастан аудармашы мамандығы бар адамды ағылшын тілі пәніне мұғалімі ретінде жұмысқа  қабылдаудың қандай қажеттілігі  болды?.

Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс білімгері Р.Жантықов толық жүктемемен дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметіне қызметіне тағайындалған (17.09.2015 жылы №12 бұйрық).

Р.Жантықов  2011 жылы Тараз инновациялық –гуманитарлық университетін „кәсіптік білім“ мамандығы бойынша бітірген. Мектепте 3 дене шынықтыру пәні мұғалімі барлығын ескерсек, Р.Жантықовты жұмысқа қабылдаудың қажеттілігі бар ма? 

Ж.Райсова  03.01.2013 жылы №85 бұйрықпен технология пәні мұғалімі қызметіне қабылдаған. Ж.Райсова Қ.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетін тарих, география пәні мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген.

№2 шағын орталықты орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалім қызметіне Әулие-ата университетін  „тарих және география“ пәні мамандығы бойынша бітірген С.Жанадилов (01.02.2013 жылы №7 бұйрық) қабылдаған. Мектепте 14 дене шынықтыру пәні мұғалімі бар. Олардың  2-і өз келісімдері бойынша (Б.Томашев (9 сағат), Д.Юлдашев (16 сағат) толық емес жүктемемен қызмет атқарады.

Мамандығы сәйкес  келмейтін мұғалімді жұмысқа қабылдау, 14 дене шынықтыру пәні мұғалімі бар мектепке керек па?.

М.Абдыкалықова 02.09.2013 жылы №45 бұйрықпен информатика пәні мұғалімі қызметіне қабылдаған.М.Абдықалықова 2006 жылы „Парасат“ колледжін „ақпараттық жүйелер“ мамандығы бойынша бітірген.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде музыка пәні мұғалімі қызметіне Тараз институтын 2006 жылы „педагогика және психология“ мамандығы бойынша бітірген Б.Тулебаева  0,5 жүктемемен  (01.04.2015 жылы №18 бұйрық) жұмысқа  қабылданған. Мектепте музыка пәнінен басқа мұғалім қызмет атқармайды.      

М.Горький  атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметіне Е.Есеев  01.09.2006 жылы №342 бұйрықпен қабылдаған. Е.Есеев М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2006 жылы „тарих, география “ мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі дейінгі білім беру ұйымдарын зерделеу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды.

„Алтын сақа„ балабақшасында дене шынықтыру жетекшісі жұмысына Бағдаулет гуманитарлық-педагогикалық  колледжін „бастауыш сынып мұғалімі“ мамандығы бойынша бітірген А.Солтанаева (08.10.2014 ж №71 бұйрық) қабылданған. 

Хореография қызметіне 20.10.2014 жылы №81 бұйрықпен дипломы жоқ Э.Қуатбекованы  (20.10.2014 жылы №80 бұйрықпен тәрбиеші болып тағайындалған)  қабылданған.  Яғни мамандығы жоқ Э.Қуатбекова бір күнде екі жұмысқа  қабылдаған. 

Құлан ауылшаруашылық колледжін 2013 жылы „мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі“ мамандығы бойынша бітірген З.Дидаева 02.02.2015 жылы №20 бұйрықпен „хореограф“  қызметіне қабылдаған. 

«Бәйшешек» балабақшасында  би жетекшісі Ахметова Динара Дүйсебайқызының диплом бойынша мамандығы сәйкес келмейді.  Бастауыш сынып мұғалімі би жетекшісі жұмысын атқаруда.

«Балбөбек» балабақшасында  Оспанова Жадыра Тұрысбекқызы (дипломы жоқ) 2006 жылдың 11 қарашасында тәрбиешінің көмекшісі болып қабылданып, 2007 жылдың қыркүйек айында дене тәрбиесі жетекшісі болып ауыстырылған. 2013 жылдың қыркүйек айында орыс тілі пән мұғалімі дипломын алғаннан кейін орыс тілі пән жетекшісі жұмысына ауыстырылған.  Сонда қызметкер 7 жыл бойы  дипломсыз педагог қызметін атқарған. 

«Балдырған» балабақшасында кейбір бұйрықтарға қол қойылмаған, мөр жоқ. Мысалы,  1 қазан 2012 жылғы №77 бұйрық  жұмысқа қабылдау туралы мөрленбеген. 17 мамыр 2013 жылғы №8 бұйрықта да мөр қойылмаған.

«Балауса» балабақшасында бірнеше қызметкерлердің алғашқы қабылданған келісім шарттары жоқ,  2013 жылдың мамыр айында  еңбек келісімшарттары жасалған. Абу Жұлдыз Ахметқызымен келісімшарт 2014 жылдың 3 қаңтарменен жасалынған, ал бұйрық 6 қаңтармен шығарылған. Бұл балабақшада қызметкерлердің өтініштері жеке  іс-қағаздарында жоқ, тексеру барысында көрсете алмады.

Зерделеуге қамтылған мекемелер қызметкерлерінің жеке құжаттарын қарау барысында Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі мен балабақшаларда  2014-2015 жылдың осы мерзіміне дейін  жұмысқа қабылданған қызметкерлер соттылығы туралы анықтаманы Жамбыл облыс бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен арнайы сұрау салу  арқылы  алған.

Зерделеуде қамтылған  білім мекемелерінің барлығында  жеке құрам және өндірістік бұйрықтары талапқа сәйкес рәсімделмей (құжаттарды рәсімдеу кезінде  сол жағынан–20 мм; оң жағынан-10 мм; жоғарғы жағынан – 10 мм;  төменгі жағынан – 10 мм жиек болуы тиіс және Бұйрық жобасындағы кіріспе "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен аяқталады, ол бас әріптермен, жартылай қалың әріппен жазылады және оны басқа жолға тасымалдауға болмайды.)  Қазақстан

Республикасы Үкіметінің „Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570  Қаулысын және   Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №211 қаулысымен  бекітілген „Жамбыл облысы әкімдігінің аппараттарында және жергілікті атқарушы органдарда  іс жүргізу, құжаттардың  орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі“ нұсқаулық талаптары  бұзылған.

Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» 105 - бабында «Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан  күнтізбелік  үш  күннен кешіктірілмей жүргізіледі» делінген. Зерделеуге  қамтылған №2  шағын орталықты орта мектебі Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде, М.Горький атындағы орта мектебінде,  Құлан шағын орталықты орта мектебінде жәнек «Алтын сақа» балабақшасында   «Еңбек демалысын беру туралы»  бұйрықтары мерзімінен кеш шығарылған. Мекеме басшылары аталған бұйрықтарды қызметкерлер  еңбек демалысына шығатын күні шығарып, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» талаптарын бұзған.

Зерделеу барысында білім  мекемесінің  қызметкерлерінен анонимдік сауалнама алынды. Сауалнамаға  зерделеу жүргізілген білім мекемелерінің 296  қызметкері қатысып, оның 84–ы  (28,3 %)  сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын атап көрсеткен.

Мыс:Төмендегі білім мекемелерінен сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің басым көпшілігі сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын (ақша жинау фактісінің орын алатындығы) атап көрсеткен. (№1 мектеп –лицейде (31 қызметкерің 27 -і), Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде (19 қызметкердің 8 -і), №2  шағын орталықты орта мектебінде  (36 қызметкердің 5 -і), Құлан шағын орталықты орта мектебінде  (44 қызметкердің 5-і), Ш.Уәлиханов  атындағы шағын орталықты орта мектебінде (14 қызметкердің 3-і), «Балбөбек» балабақшасында (26 қызметкердің 14-і), «Алтын сақа» балабақшасында (26 қызметкердің 14-і).

Сонымен қатар, (№2  шағын орталықты орта мектебі мен  №1 мектеп –лицейде жиналатын қаржының көлемі ай сайын   3 000 - 5 000 теңге және 5 000-10 000,одан жоғары екендігін, Құлан шағын орталықты орта мектебі, Ш.Уәлиханов  атындағы шағын орталықты орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде, «Балбөбек» балабақшасында, «Алтын сақа» балабақшасында 1 000 – 3 000 теңге аралығында  жиналатындығын және ақша жинаудың бастамашысы  мекеме басшысы, басшының орынбасары, әдіскер    деп атап көрсеткен.

Төмендегі білім мекемелерінен сауалнамаға қатысқандардың  көпшілігі сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмайды деп көрсеткен. Мыс: Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 16 қызметкердің 15-і, М.Горький атындағы орта мектебінде барлық қатысқан 20 қызметкер, «Балапан» балабақшасының барлық 20 қызметкері,  «Бәйшешек» балабақшасының 13 қызметкерінің 11 –і, «Балауса» балабақшасының 8 қызметкерінің 7-і, «Балдаурен» балабақшасының 18 қызметкерінің 15-і сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын  алмайтындығын баяндаған.

Жоғарыда аталған кемшіліктер мекеме басшыларының  білуі тиіс нормативтік –құқықтық құжаттарды терең білмеуі, аудандық білім бөлімінің  тарапынан білім мекемелері басшылары  мен педагогтардың сапалық құрамы мен кәсіби біліктілігіне  жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, ұсыныстар берілмеуі  салдарынан орын алған. 

 

 

Анықтаманы дайындаған:

 

Персоналды  басқару  бөлімінің  

басшысы  Б.Маймышев

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі