Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 11 гостей.

Меркі ауданында "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы анықтама

Мерке  ауданының  білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың

 өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының орындалуы   туралы

АНЫҚТАМА

       

   Облыстық   білім басқармасының  2 қараша 2015 жылғы №683 бұйрығымен ағымдағы жылдың 5 қарашасы  күні  Мерке  ауданындағы білім  мекемелерінде педагог кадрларды іріктеу жұмыстарының жай күйі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы зерделенді. Зерделеуге 8 мектеп (№16 орта мектебі (дир.Г.Муратова),  №17 Н.Трубицын ат. мектеп- гимназия (дир.Г.Тлеубердиева), №20 Т.Рысқұлов ат орта мектебі (дир.Ғ.Жақсылықова), №21 «Победа» орта мектебі (дир.И.Алимхожин), №22 орта мектебі (дир.Қ.Смайлова), №39 мектеп-гимназиясы (дир. К.Сейткулова), №44 орта мектебі (Н.Конкабаев) №48 орта мектебі (дир.Р.Нуралбеков) 5 балабақша («Қарлығаш» (меңгерушісі Н.Дуйсенбаева), «Балдәурен» (меңгерушісі Г.Байұзақова), «Балдырған» (меңгерушісі Э.Какибаева), «Балауса» (меңгерушісі М.Райымжанова) және «Санаторный» (меңгерушісі Г.Мукашева)  қамтылды.

Облыстық білім басқармасының  18.02.2015 жылғы №01-667 хатымен аудандық білім бөліміне  Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментімен бірлескен «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің іс-шаралар» жоспары жұмыста басшылыққа алып жұмыс жүргізу үшін  жолданған болатын.

Аудандық білім бөлімі (12.03.2015 жылы №348 хат) аталған іс - шара жоспарына сәйкес  білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандандыру бойынша іс-шаралар жоспарын  жасаған, жоспар ауданның барлық білім мекемелеріне таныстырылып, жұмыстар жүргізілген.   

Сонымен қатар, басқарма тарапынан (24.02.2015 жылы №03-742 хат) Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл   облысы бойынша  департаментінің әлеуметтік желілердегі интернет сілтемелері, байланыс телефондары жазылған ақпараттық парақшаларын көпшілікке көрінетін орындарда орналастыру  туралы хат жолданған болатын. Аудандық білім бөлімі жоғарыда  аталған  хатты  ауданның барлық білім мекемелеріне  орындау туралы үшін жіберген.  

Зерделеуге қамтылған  балабақшаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілмеген.

Зерделеуге қамтылған барлық білім  мекемелерінде  сенім телефоны мен сенім жәшігіне жауапты маман  бекітілмеген. №48,16,20,21 орта мектептерде сенім телефонына тускен  өтініштерді тіркейтін журнал ашылмаған.  Білім мекемелерінің көпшілігінде  сенім жәшігіне   шыны кобдиша  қойылмаған. Мыс: №48 орта мектебінде   сенім жәшігі көрінбейтін (ағаш, темір кобдиша) құралдан жасалған. №16 орта мектебінде  шыны қобдиша арналған, бірақ бекітілмеген.

Педагогтарды іріктеу, қызметкерлерінің жеке іс-қағаздары, құжаттарының жүргізілу жайы бойынша.

Аудан бойынша  1998  педагог қызметкердің  758 –і  (37,9 %),   оқудың  сырттай бөлімін бітірсе, зерделенген мектептерде, әсіресе  аудан  орталығы мен оған іргелес елді мекендерде орналасқан мектептерде  маман тапшылығы болмасада, оқудың сырттай формасын бітіргендердің  үлесі  кемімей отыр.

№16 орта мектебінде  54 педагогтың  26 –сы (48,1%),   №17 Н.Трубицын ат. мектеп- гимназиясында 192 педагогтың  74 –ы (48,1%),   №20 Т.Рысқұлов ат. орта мектебінде 131 педагогтың  75 –сы (57,2%), №21 «Победа» орта мектебінде 90 педагогтың  46 –сы (51,1%), №22  орта мектебінде 35 педагогтың 11–і (31,4%), №39 мектеп-гимназиясында  98 педагогтың 41 –ы (48,1%), №44 орта мектебінде   115 педагогтың  29 –ы (38,3%), №48 орта мектебінде   99  педагогтың  38 –ы (38,3%) оқудың  сырттай формасын бітірген.

Зерделеуге қамтылған 8 мектепте  814 педагог қызмет атқарса ,оның 340 –ы  (41,7%) сырттай оқу түрінде  білім алған. Яғни, сырттай оқу түрінде білім алған  педагог қызметкерлердің білім сапасының артуына қаншалықты ықпалы болатындығын (Меркі ауданы ҰБТ-дан2014, 2015  жылдары  төменгі көрсеткіш көрсеткен)  түсінуге болады. 

№16 (4), №44 (5)  мектептерде толық емес  жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер бар.  Қазақстан Республикасы „Білім туралы“ Заңының 52 - бабының 7 - тармағында педагог қызметкерлердің апталық оқу жүктемесі   18 сағатпен  қамтамасыз етілу керек делінген.                            

Қазақстан Республикасы „Білім туралы“ Заңының 51 - бабының 1 - тармағында „Тиісті бейіні бойынша  арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі  бар адамдар педагогтік  қызметпен айналысуға жіберіледі“  делінген. Зерделеуге қамтылған бірқатар мекемелерде ҚР „Білім туралы“ Заңының осы талабы орындалмаған. Мыс: №21 „Победа“ орта мектебінің директоры И.Алимхожин Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс білімгері (бастауыш сынып) С.Мусадиловты көркемдік жетекші қызметіне толық жүктемемен жұмысқа қабылдаған. (11.09.2015 жылы №65 бұйрық). Аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан  (11.09.2015 жылғы №430)  жолдама берілген. 

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған соттылығы туралы анықтамада С.Мусадиловке  05.06.2012 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 175 - бабына сәйкес (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, 03.07.2012 жылы тараптар келісіміне сәйкес тоқтатылғаны көрсетілген. Мектеп директоры И.Алимхожин  білімі жоқ маманды жұмысқа қабылдап қана  қоймай, мектеп оқушыларына дұрыс тәрбие беретін ұстаздарды іріктеуге назар аудармаған. (Зерделеу  барысында  06.11.2015 жылы №75 бұйрықпен С.Мусадилов өз өтінішімен жұмыстан босатылған)

Сонымен қатар, мектепке дейінгі дейінгі білім беру ұйымдарын зерделеу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды.

«Балдәурен» балабақшасында  Дүйсебекова Индира Сәрсенқызының диплом бойынша  мектепке дейінгі білім беру мамандығы бола тұра қазіргі таңда балабақшада атқарып отырған қызметі орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қайта даярлау курсынан өткендігін дәлелдейтін куәлігі жоқ.

«Балдырған» балабақшасында А.Ботабаеваның  диплом бойынша  мектепке дейінгі білім беру маманы  қазіргі таңда балабақшада атқарып отырған қызметі орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қайта даярлау куәлігі жоқ. Сондай-ақ  осы балабақшадағы дене тәрбие жетекшісі  қызметін атқарып отырған Құрманалиева Баян Жайлаубекқызы диплом бойынша білімі педагогика және психология. Тәрбиеші қызметін атқарып жүрген Қалдыкулова Құралай Амиржанқызы дипломы бойынша  стандарттау және сертификаттау маманы.

«Балауса» балабақшасында  музыка жетекшісі қызметін атқарып отырған  Шигетаева Алима Ордабайқызының  диплом бойынша мамандығы  педагогика және психология. Білімін жетілдіру курсынан өтпеген.

«Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеші Қойлыбаева Ұлжан Дүйсенқызымен келісімшартқа 2014 жылдың 13 қарашасында отырған, ал бұйрық 2014 жылдың12 қарашасында шығарылған. Яғни бұйрық келісімшартқа қол қойылмай тұрып,  алдын ала шығарылған.

«Балауса» балабақшасында кейбір бұйрықтардың күні қойылмаған, мөр жоқ. Мысалы,  Орынбетова Гулзабира Сейтжанқызымен құрылған еңбек шартының нөмірі, күні, мөрі қойылмаған. Жалпы қызметкерлердің жеке іс-құжаттарында не  өтініш, не бұйрық  жоқ. Бірнеше еңбек шарттарында еңбек міндеттерінің орындалуы басталу күні  мен еңбек шартына отыру күні сәйкес келмейді.

Зерделенген балабақшаларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   07.07.2015 жылғы №172 бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және  «Мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары   өрескел бұзылғандығы және  мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайтын Қазақстын Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының»   37 – тармағының «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі деп көрсетілген. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады» - деген  талаптары  орындалмаған.

«Қарлығаш» балабақшасы бойынша: Балабақшада 5 топ, ондағы бала саны 120.  Балалардың құжаттар тізбесінде мектеп жасына  дейінгі бала туралы мәлімет  оқушының жеке іс-қағазына  толтырылған. «Балапан» тобында ата-аналардың өтініштері мен келісімшарттарда меңгеруші  қол қоймаған. Келісімшарттағы нөмір мен келісімшарттарды тіркеу журналындағы нөмірлер мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы, ата-ана Көбегенов Ғани Қалыбековичпен №110 келісімшартқа отырған, тіркеу журналында сол нөмірмен Бигенова Венера деген ата-ананың келісімшарты тіркеліп тұр. Балалардың қозғалысын есепке  алғандығы  туралы бұйрық кітабы жоқ.

«Балауса» балабақшасы бойынша: Балабақшада 6 топ, 187 бала бар. Балабақшада «мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандарты талапқа сай орындалмай отыр. «Қыран» тобында тізім бойынша 35 баланың 26 баланың ғана құжаттары бар. Ата-анамен жасалған келісімшарттардың  нөмірі жоқ және тіркелмеген. «Қыран» тобында 2010 жылы туылған Атжан Іңкәрға жолдама 13.08.2012 жылмен берілген, ата-ана қабылдау туралы өтінішті 26.08.2013 жылы жазған, ата-анамен келісімшарт 03.09.2013 жылы жасалған, келісімшартта ата-ананың қолы жоқ, ал баланың балабақшағы келген күні 26.08.2013 жыл деп көрсетілген.

2011 жылы туылған Орысбай Динараға 03.02.2015 жылы жолдама беріліп, ата-ананың балабақшаға қабылдау туралы өтініші 18.03.2015 жылы жазылған. 2010 жылғы Дамиров Дәуренге  07.08.2013 жылы берілген жолдаманың нөмірі жоқ, ата-ананың балабақшаға қабылдау туралы жазған өтініші 17.06.2013 жылы, ал ата-анамен жасалған келісімшартта 03.09.2013 жыл деп көрсетілген.  «Торғай» тобында  20 баладан 11 баланың ғана құжаттары рәсімделген, 8 баланың құжаттары рәсімделмеген. 2015 жылдың маусым және тамыз айындағы осы балаларға берілген жолдамалар  тіркелмеген және бүгінгі күнге дейін бұл балалар тізімде тұрғанымен балабақшаға мүлдем келмеген. Зерделеу  күні осы топта 20 баладан 5-ақ бала келіп отыр, балалардың қатысу дәптерінде балалар мүлдем белгіленбеген. Балалардың қозғалысы туралы бұйрық шығарылмаған және бұйрық кітабы арналмаған.

Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің»    105 - бабында «Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан  күнтізбелік  үш  күннен кешіктірілмей жүргізіледі» делінген. Зерделеуге қамтылған №39 мектеп-гимназиясында, №17 Н.Трубицын ат. мектеп- гимназиясында, №20, №16, №44, №48 орта мектептерінде және барлық балабақшаларда  «Еңбек демалысын беру туралы»  бұйрықтар мерзімінен кеш шығарылған. Мекеме басшылары аталған бұйрықтарды қызметкерлер  еңбек демалысына шығатын күні шығарып, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» талаптарын бұзған.

Зерделеуге қамтылған барлық білім  мекемелері қызметкерлерінің жеке құжаттарын зерделеу  барысында,  2014-2015 жылдың осы мерзіміне дейін  жұмысқа қабылданған қызметкерлерден жұмысқа қабылдау барысында соттылығы туралы анықтаманың талапқа сәйкес алынбайтындығы анықталды. Анықтамалар  халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған. Соттылығы туралы анықтама Жамбыл облыс бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен арнайы сұрау салу  арқылы  алыну тиіс.      

Зерделеуде қамтылған  білім мекемелерінің барлығында  жеке құрам және өндірістік бұйрықтары талапқа сәйкес рәсімделмей (құжаттарды рәсімдеу кезінде  сол жағынан–20 мм; оң жағынан-10 мм; жоғарғы жағынан – 10 мм;  төменгі жағынан – 10 мм жиек болуы тиіс және Бұйрық жобасындағы кіріспе "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен аяқталады, ол бас әріптермен, жартылай қалың әріппен жазылады және оны басқа жолға тасымалдауға болмайды..)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің „Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570  Қаулысын және   Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №211 қаулысымен  бекітілген „Жамбыл облысы әкімдігінің аппараттарында және жергілікті атқарушы органдарда  іс жүргізу, құжаттардың  орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі“ нұсқаулық талаптары  бұзылған.

Зерделеу барысында білім  мекемелері   қызметкерлерінен анонимдік сауалнама алынды. Сауалнамаға  зерделеу жүргізілген білім мекемелерінің  204  қызметкері қатысып, оның 31–ы  (15,1 %)  сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын атап көрсеткен.

Мыс:Төмендегі білім мекемелерінен сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің басым көпшілігі сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алатындықтарын (ақша жинау фактісінің орын алатындығы) атап көрсеткен.  (№48 орта мектебінде  (28 қызметкердің  11 -і), №39 мектеп- гимназиясында  (17 қызметкердің 5-і),  №44 орта мектебінде  (30 қызметкердің 4 -і), «Қарлығаш» балабақшасы  (16 қызметкердің  5-і), «Балауса» балабақшасы (19 қызметкердің  4-і),  «Санаторный» балабақшасы    (8 қызметкердің 2-і).

Сонымен қатар, №48,44  орта мектептері  мен №39  мектеп – гимназиясында жиналатын қаржының көлемі ай сайын  3 000 - 5 000 теңге, «Қарлығаш», «Балауса», «Санаторный» балабақшаларында   1 000 – 3 000 теңге аралығында  жиналатындығын және ақша жинаудың бастамашысы  мекеме басшысы, басшының орынбасары, әдіскер   және есепші деп атап көрсеткен.

Жоғарыда аталған кемшіліктер мекеме басшыларының  білуі тиіс нормативтік –құқықтық құжаттарды терең білмеуі, аудандық білім бөлімінің  тарапынан білім мекемелері басшылары  мен педагогтардың сапалық құрамы мен кәсіби біліктілігіне  жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, ұсыныстар берілмеуі  салдарынан орын алған. 

 

 

Анықтаманы дайындаған:

 

Персоналды  басқару  бөлімінің  

басшысы  Б.Маймышев

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі