Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 5 гостей.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы

  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жанында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Г. Орынбаева, облыстық білім басқармасы басшысы С. Құрманбекова, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Б. Абдуллаева, еңбек ардагері Ж. Сергеева, Кәсіподақтың біріккен комитетінің төрағасы Ж. Орынбеков және аудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің басшылары, білім басқармасына қарасты мекемелердің басшылары қатысты.

Отырыста облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың  алдын-алу жұмыстарының жағдайы қаралды. Кеңес мүшелері білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-шараларға тоқталып, бүгінгі күні туындып отырған мәселелер мен оны шешу жолдарын талқылады.

Отырыс соңында білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінің басшыларына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. 

 

 

 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: білім және тәрбие

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Бигелді Халилуллаұлы Тажибаев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылы 19 қарашада Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: білім және тәрбие» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар Тараз қаласы №5 мектеп-гимназиясының базасында өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Н.Т.Еркебаев, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы С.А. Әлібеков, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Б.Д.Бегалиев, аудандық (қалалық) білім мекемелерінің директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 110 білім қызметкері қатысты.

Іс-шараның мақсаты мектептерде білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру барысында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтеру, тәжірибе алмасу.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысы 3 секция бойынша жүргізілді. «Тәрбие беру жүйесін жаңғырту – салауатты ұрпақтың болашағы» атты №1 секцияда «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа алып, мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адами құндылықтарды насихаттау бағытында тәрбие жұмыстарын жүргізудің жоспарын дайындаудың, іске асыру және қорытындысын шығарудың жаңа, әрі оңтайлы тәсілдері ұсынылып, талқыланды. Секция жұмысына мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қамтылды.

«Адам құқығы. Қоғамдағы қарым-қатынас мәдениеті. Құқықтық сауаттылық» атты №2 секцияда мектептің 9-11 сыныптарына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәні негізінде оқушыларға құқық бұзушылыққа төзбеушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие, қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағыттары қамтылған сабақ оқытудың инновациялық әдістемелері ұсынылды. Секцияға «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мұғалімдері қамтылды.

«Адалдық – ардың жолы. Әділдік – теңдік жолы» тақырыбындағы №3 секцияда бастауыш сыныптарына арналған «Дүниетану» пәні негізінде оқушыларға құқық бұзушылыққа төзбеушілік, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, адал еңбекті бағалау, қоғамның игілігін жоғары қою сияқты бағыттары қамтылған сабақ оқытудың оңтайлы, инновациялық әдістемелері ұсынылып, талқыланды. Секция жұмысына бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың қорытынды бөлімінде үздік деп танылған жобалар мен сабақ жоспарларының үлгілері дипломдармен марапатталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне ұсынылды. Атап айтқанда, «Тәрбие беру жүйесін жаңғырту – салауатты ұрпақтың болашағы» атты №1 секция бойынша Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық «Дарын» мектеп-интернаты директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Амирова І орын, Тараз қаласының №26 орта мектебі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Абдрахманова ІІ орын, Т.Рысқұлов ауданының М.Сұлтанбеков атындағы орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Мырзалиева ІІІ орын, «Адам құқығы. Қоғамдағы қарым-қатынас мәдениеті. Құқықтық сауаттылық» атты №2 секциясы бойынша Тараз қаласының №5 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Г.Ахмағанбетова І орын, облыстық Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің тарих пәні мұғалімі Г.Өтегенова ІІ орын, Тараз қаласы №24 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Е.Семенова ІІІ орын, Тараз қаласы №48 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі И.Малдыбаева мен Байзақ ауданы Сарыкемер орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К.Мысықбаева алғыс хаттармен марапатталды. «Адалдық – ардың жолы. Әділдік – теңдік жолы» атты №3 секциясы бойынша Тараз қаласы №41 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі С.Ни І орын, Жуалы ауданы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Э.Абдикаримова ІІ орын, Тараз қаласы №53 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі З.Қабылбекова ІІІ орынды иеленді.

Білім беру ұйымдарында оқушылар мен білімгерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүзеге асырылатын болады.

 

     

«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбында шығармашылық байқауы өткізілді

Облыстық білім басқармасы облыс көлемінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру, жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 30 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында 300-ден аса мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды.
Байқау үш кезеңде өткізілді. 
- Бірінші кезең - аудандық, қалалық (жеңімпаз болған оқушының жұмысы алдын ала сараптауға ұсынылды). 2017 жылдың 30 қазанына дейін.
- Екінші кезең – жұмысты алдын ала сараптау. 2017 жылдың 20 қарашасына дейін.
- Үшінші кезең – облыстық, қорытынды кезең. 2017 жылдың 1 желтоқсаны.
Шығармашылық байқаудың облыстық кезеңіне ауданда, қалада үздік болған, барлығы 24 жұмыс тіркеліп сарапталды.
Байқауға қатысатын авторлардың шығармалары әр түрлі кәсіптердің маңыздылығын, олардың адам өміріне әсерін, мемлекеттік қызметтің мағынасын, оның басты құндылықтарын – адалдықты, тұрақтылықты, отаншылдық пен Отанға қызмет етуді түсіне білуге, сыбайлас жемқорлықтың  қоғамға тигізер зардаптарына арналуды.
Шығармашылық байқауға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың сан қырлы сипаттарын ашатын шығармаларын эссе, өлең, шығарма, әңгіме  жанрлары бойынша ұсынды.
Байқау жеңімпаздары ұпай санының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша анықталып, қорытындысы шығарылды.
Байқаудың жеңімпаздары болған 6 оқушы І, II және III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ерекше көзге түскен үш жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

"Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел" тақырыбындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары

       

Оқушының аты-жөні

Мектебі

Жанр

Орын

1

Құрманәлі Маржан

Облыстық ерекше дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернаты

Құрманәлі Маржан - Бір өкініш, бір үміт...

(қарау және жүктеу)

әңгіме

І

2

Оңалов Төлеби

Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы орта мектеп

эссе

ІІ

3

Сәтекова Мадина

Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназия

шығарма

ІІ

4

Құдайбергенова Оразхан

Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы орта мектеп

эссе

ІІІ

5

Наралы Назерке

Жуалы ауданы, А.Герцен атындағы орта мектеп

өлең

ІІІ

6

Қолдас Әсел

Облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім-Инновация" мектеп-интернаты

 

 

 

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп дайындаған «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» (әрі қарай – Бағдарлама) жалпы білім беру мектептерінде жүзеге асырылуда. 
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар жиынтығын қамтиды. 
Бағдарламаның басты мақсаты - мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл, әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Бүгінгі күні облысымызда Бағдарлама жоспарына сәйкес 390 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, оған 6500 бала мүше болған. 
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
2016 жылдың 22 қарашасында Тараз қаласындағы №8 орта мектебінде «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері талқыланады. Қатысушылар: Білім басқармасы мен білім бөлімінің тәрбие саласына жауапты мамандары Ж.Сеитжан және М.Агатаева, Мемлекеттік қызмет істері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы бөлімінің басшысы Д.Омаров пен маман Б.Бегалиев, педагогтер, оқушылар. Барлығы 40 адам қатысты.
Сондай-ақ, Байзақ ауданы, Сарыкемер орта мектебінде «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары мараппатталып, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубына жаңа 20 мүшені салтанатты қабылдау іс-шарасы өткізілді. Барлығы 80 адам қамтылды.

 

 

 

Прикрепленный файлРазмер
Сыбайлас жемқорлық.rar1.34 Мб
603 БҰЙРЫҚ.pdf1.06 Мб

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары