Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 13 гостей.

Халықаралық балалар күніне орай тұңғыш рет балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізілді

 

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуі қарсаңында 2017 жылғы 1 маусымда Халықаралық балалар күніне орай тұңғыш рет балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізілді.

Шерудің мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың орындаушылық шеберліктерін қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері: балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, өзінің білім беру ұйымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, білім беру ұйымдарының беделін арттыру және жарнама жасау.

 Шеру алдын-ала әзірленген маршрутқа сәйкес Тараз қаласы Төле би көшесінің бойындағы «Достық» орталық алаңында өткізілді.Тараз қаласы және Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарының оқушылары, қосымша білім беру және орта білім беру мекемелерінің педагогтері, Жамбыл политехникалық, Абай атындағы гуманитарлық, №13 Теміржол, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар, Тараз химия-технология, №12 «Тараз» колледждері, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТИГУ, ТарМПИ білімгерлері, Оңтүстік әскери округ қызметкерлері, жалпы барлығы 2144 адам қатысып, ат салысты.

Сонымен қатар, шеруге 94 шығармашылық ұжым қатысты: 122 адамнан тұратын 6 үрмелі аспаптар ұжымдары, 154 оқушыдан тұратын 11 барабаншылар ұжымдары, 145 адамнан тұратын 10 мажореткалар ұжымдары, 220 адамнан тұратын 11 черлидерлер ұжымдары, 308 оқушыдан тұратын 13 қазақ ұлттық аспаптар ансамбльдері, 40 адамнан тұратын 2 орыс ұлттық аспаптар ансамблі, 430 адамнан тұратын 15 би ансамбльдері, 90 адамнан тұратын 6 шекті аспаптар ансамбльдері, 587 адамнан тұратын 13 хор ұжымы, 48 адамнан тұратын басқа да 7 ұжымдар.

Шерудің әр қорабында кемі 100 адам болып, қораптарда балалар және жастар музыкалық ансамбльдері және халық аспаптары оркестрлері, үрлемелі, ішекті-ысқылы, барабаншылар, бишілер және басқа да музыкалық ұжымдардың түрлері, мажореткалар, черлидерлер өнер көрсетті.

Әр колоннаның өз реквизиттері болды: білім беру ұйымының жалауы, елтаңбасы бар штандарт.

Әр білім мекемесі Шеруге қатысушылардың киім формасы мен репертуарын өздері таңдап, шағын формалардағы ерекше шығармалар орындалды. Оның ішіңде классикалық формадағы және заманауи өңдеулердегі вальстер, марштар, полькалар және т.б. (мысалы, «Столичный» маршы (В.Рунов), «Амангелді» маршы (Л.Хамиди), «Атамекен» (Е.Хасангалиев), «Әлқисса» (Н.Тілендиев), Турецкий марш (В.А. Моцарт), «Барыня», «Калинка», «Илигай», «Венгерский танец» (И. Брамс) және т.б.).

Шеруге қатысушылар қорап ішіндегі музыкалық ансамбльдің орындаған музыкасына сәйкес үйлесімді түрде би билеп, ән айтып, бірдей қимылдар орындады.

Шерудің жабылуы «Достық» алаңында барлық білім беру мекемелерінің салтанатты дефилесімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі