Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 17 гостей.

Тұжырымдама

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

«ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

БАСТАМАШЫ: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАҒАН: Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы

Тұжырымдаманың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары құрайды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы,
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,
  • Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы,
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050  «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050  «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ »,
  • Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;
  • «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы,
  • «Неке және отбасы туралы» Заңы,
  • Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қарашадағы №483-IV Заңы,
  • «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы,
  • Н.Назарбаев: Ұлт жоспары –«100 нақты қадам» бағдарламасы,
  • Қазақстан Республикасы Президентінің « Болашаққа бағдар:: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы.
  • «Мәңгілік ел» патриоттық актісі,
  • «Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері,
  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, (Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22.04. №227 бұйрығымен бекітілген),
  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы  29 маусымдағы №837 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту туралы кешенді жоспары»,
  • «Кәмлетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз    қалуының алдын алу туралы» Заңы,
  • Жамбыл облысында тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт-бағдарламасы,
  • Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысының 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы.

 

 

МАҚСАТЫ:

  1. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қаблетті, жоғары рухты, елжанды, білімді тұлға қалыптастыру;
  2. Оқушы жастарға рухани-адамгершілік тәрбиесін беру механизімін жасау.

МІНДЕТТЕРІ:

  1. Әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықты аясын дамыту;
  2. Тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін, тарихы мен мәдениетін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар  мен этникалық топтар мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
  3. Көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;
  4. Отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
  5. Табысты әлеуметтенуі үшін оқушылардың құзреттілікті, өздігімен толассыз білім алу, саналы түрде жан-жақты өзін өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуын қалыптастыру;

 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ: 2017-2022 жылдар аралығы

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  1. Оқушы жастар бойында қазақстандық патриотизмнің , азамыттық сананың, толерантылық пен көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуы;
  2. Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуге саналы түрде қатысуы;
  3. Жалпыадамзатты және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру;
  4. Рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетінің күшейуі;
  5. Әр оқушының өз бетінше білім алуға және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ынтасының көтерілуі;
  6. Өзін-өзі кәсіби анықтауы мен өзі таңдаған мамандығы тұрғысынан кәсіпалды даярлық жұмыстарына қатысуға ынталылығының артуы;
  7. Тұлға мінез-құлқының  дұрыс мотивациялы-құндылықты аясының кеңуі;
  8. Білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбиесін беру жүйесінің қалыптасуы;
  9. Оқушылардың рухани-адамгершілік бағытындағы зерттеу, шығармашылық жұмыстарын жүргізу дағдысы қалыптасуы:
  10. Туған жер тарихын, ұлттық мәдениетті, салт-дәстурлерді танып білуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуы.

 

 

 

         «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру екі кезеңде жүзеге асады.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ – 2017 - 2020 ЖЫЛДАР

Кезеңнің міндеттері:

  • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді  кезеңдердің көрсеткіштерінің нәтижесі мен мақсаттарын  анықтау, міндеттерге жетудің деңгейін анықтайтын өлшеу деңгейлерінің құралдарын жасақтау (индикаторлар, зерделеу және өлшеу әдістері т.б.);
  • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру үшін педагогтар, оқушылар, ата-аналар қауымдастығын, халықты, бизнес және қоғамдық институт өкілдерін, оның ішінде үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарту;
  • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асырып, IT-платформасын енгізуде басқарудың тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік іс-шаралар мен жобаларға азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуларына жағдай жасау;
  • «Тәрбие және білім» кіші  бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру барысын  сыртқы және ішкі ақпараттық  қамтамасыз етуді дамыту, кері байланысты бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы арттыру;
  •  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасындағы  белгіленген міндеттердің шешімін жоспарлау, жүзеге асыру, мониторинг и түзету, жобалар мен іс-шараларды аяқтау арқылы іске асыру қажет;
  •  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасындағы  жобаларды іске асыруда қызметкерлерді үздіксіз оқыту арқылы дайындықтарын қамтамасыз ету;
  • Нормативтік-құқықтық базаны жасау және енгізу.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – 2021 - 2025 ЖЫЛДАР

Кезеңнің міндеттері:

  • Көрсеткіштердің нәтижелері мен орта мерзімдегі мақсатты индикаторлардың  жетістіктері  және негізгі жобалардың аяқталуы;
  • Бірінші кезеңге жоспарланған іс-шаралар бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасы.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – 2026 - 2030 ЖЫЛДАР

Кезеңнің міндеттері:

  • «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасындағы  ұзақ мерзімді индикаторлар мен жеткен жетістіктердің нәтижесі.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 3 базалық бағыттардан тұрады:

1. «Өлкетану» базалық бағыты:

  Рухани-құндылық және практикалық бағдар берудегі білім алушылардың оқу пәндері, сондай-ақ, әр түрлі сабақтан тыс факультативті сабақтар, үйірмелік жұмыс арқылы өлкетану білім алуға  ықпал ету.

 Базалық бағыттың негізгі мақсаттары:

  1. білім беру ұйымдарында өлкетану білім  алу үшін  жағдай жасау;
  2. өлкетану білім  алу  және өткізілетін өлкетану іс-шаралар мазмұнының сапасын арттыру;
  3. өлкетану жұмысын жүргізудегі бағдарлы мүмкіндіктерді пайдалану.

2.«Отаным – тағдырым» базалық бағыты.

"Отаным – тағдырым" базалық жобасы жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты,   рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру, кәсіби маңызды қасиеттерді және дағдыларын дамытуға арналған жоба.

Базалық бағыттың негізгі мақсаттары:

  1. тәрбиенің рөлін күшейту, білім беру жүйесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын тәрбие мен оқытудың барлық деңгейлерінде қамтамасыз ету;
  2. мінез-құлықтың жағымды моделін және қазіргі заманның жастар арасындағыүлгілі адам образын қалыптастыру;
  3. елдің мемлекеттік нышандарын, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік мерекелерді танымал ету.

3. «Саналы Азамат» базалық бағыты.

"Саналы Азамат" базалық жобасы даму перспективаларын мен  еңбек нарығы  мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, оқушыларды бағдарлы қолдау,қызмет аясын таңдау еркіндігі, өзін-өзі кәсіби анықтауға бағытталған.

 Базалық бағыттың негізгі мақсаттары:

  1. білім беру барысында оқушыларға болашақ мамандық таңдаудабағдарлы қолдау көрсету;

2) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып,өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтау үшінжағдай жасау;

3) ақпараттандыру қажеттілігі туралы кәсіптер мен мамандықтар бойынша еңбек нарығында және кәсіби білім алу мүмкіндіктері;

  1. кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша білім алушылардың таңдаған мамандық.

 

3 БАЗАЛЫҚ БАҒЫТ 37 ЖОБАДАН ТҰРАДЫ:

Күтілетін нәтиже:

  • Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасыбасымдықтары контексінде, өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық саласында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты бағыттары мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік базасын әзірлеу.
  • Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және дамыту.
  • Толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.
  •  Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.

   Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие, қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.

      Тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктің қалыптасуын, адамгершілікті жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеу.

    Өзге халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, өскелең ұрпақты туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құнттылықпен қарауға тәрбиелеу.

      Ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, экомәдени құндылықтарды игеруді, табиғат ресурстарының жағдайы мен адамдардың олармен саналы өзара әрекет етудегі жеке бас жауапкершілігін тәрбиелеуді, табиғатпен араласуды, балалар мен оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына кіші Отанға деген қатынасты тәрбиелеу.

 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары