Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 6 гостей.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Жамбыл облысы әкімдігінің

білім басқармасы басшысының

2017 жылғы 17 мамырдағы

№199 бұйрығымен бекітілген

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі – Стндарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10 бабына сәйкес білім саласындағы қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тәртібін белгілеу мақсатында  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен әзірленді.

2. Стандартты әзірлеудің міндеттері   білім  саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады

3. Стандарттың мақсаттары:

  1. заңдылық;
  2. транспаренттілік;
  3. әдептілік;
  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;
  5. мүдделер қақтығысын болдырмау.

 

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары

 

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;

2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

3) жеке тұлғаларды, соның iшiнде заңды тұлғалардың мүддесiн танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерiн субъектiлерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметiн сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында өтiнiш беруiне байланысты қудалаудың жолын кесуге;

6) шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

7) оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларын болғызбауға;

8) өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне жол бермеуге;

9) жеке тұлғалардың, соның iшiнде заңды тұлғаның мүддесiн танытушы тұлғалардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе мемлекеттiк не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына жол бермеуге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге.

 

2.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде

1) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

3) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

4) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

6) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

7) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

8) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

9) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамауға, 

11) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;

12) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдаланбауға;

13) мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

 

2.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіперлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбасымен бірге, соның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келіскен кезде жолдауға;

2)жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын,оларды сараптамалық кеңестің отырысында қарағанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет-ресурстарда жариялауға тиіс.

 

2.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде

1) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

2) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

3) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

4) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға,

5) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу тиіс.

 

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

 

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қарашадағы Заңында,  

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында,

3) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тиымдар мен шектеулерді сақтауға,

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтауға,

5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге,

6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге,

7) егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі