Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 2 гостя.

РУХТАРЫ БИІК, ӨНЕРЛЕРІ АСҚАҚ

Таразда ерекше өнер байқауы өтті. 13 сәуір күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «BI Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XIІІ республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті.

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға өңіріміздің әр аймағынан мүмкіндігі шектеулі, бірақ таланты шексіз балалар жиналды. Олар рухтарының жоғары екендігін, арман жолында ешқандай тағдыр тәлкегі кедергі бола алмайтынын дәлелдей түсті. Бірі мың бұрала би билесе, енді бірі ыммен ән айтты. Ал, өнерлі өрендердің тағы бір парасы өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарымен таныстырып, көпшілікті тәнті етті.

Мейірімділік пен әдемілікке толы бұл байқаудың негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіру. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестивальдің аймақтық іріктеу кезеңіне Болашақ, Мейірім, Үміт мектеп-интернаттарының және өзге де аудандық, қалалық орта білім беретін мектептердің оқушылары – барлығы 310 бала қатысып, 174 бала өнерден, 136 бала спорттық ойындардан бақтарын сынады.

Облыстық білім басқармасы облыстық, қалалық әкімдіктермен бірлесе отырып, фестивальдің идеясына жан жақты қолдау білдірді. Мейірімі мен қайырымы мол іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізуге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облыстық филармониясы, сондай-ақ, «Арман-ПВ» ЖШС баспасының бас директоры Дидара Алина, «Асыл Арман» Ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау қоғамдық бірлестігінің басшысы Ринат Нұрақбаев, «GOODMAKER» ЖШС жарнама агентінің басшысы Амина Қайназарова қолдау көрсетіп, демеушілік етті.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалады. 

Сонымен қатар, республикалық фестивалді ұйымдастырушы «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры 2016 жылдан бері спорт бағытын дамытып, «Жұл­ды­зай» республикалық спартакиада­сын өткізіп келеді. Аталған спорттық шара балалар ден­сау­лығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізуде. Тараз-Арена спорт кешенінде өткізілген спартакиадада балалар спорттың шағын футбол, үстел теннисі, отырып ойнайтын волей­бол, жеңіл атлетика, ұлттық спорт, голбол, жүзу сынды түрлері бойынша жарысты.

Жалпы, «Жұлдызай» фестиваліне 12 жылда Жамбыл облысы бойынша үш мыңдай бала, оның ішінде аудандардан - 1395,  арнайы  мектеп-интернаттардан 1645 бала қатысыпты. Жеңімпаз атанған 300-ге жуық бала Астана  қаласында үлкен сахнада өз өнерлерін көрсетіп, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында тегін демалып қайтты. 

Ерекше балалардың жұлдызын жаққан «Жұлдызайдың» межелі мәресі қазақстандық эстрада жұл­дыз­­дарының қатысуымен Астана қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтеді. Екінші кезеңге өткен қатысушыларды қызықты да мазмұнды бағдарлама - еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, отандық жұлдыздармен, жаңа достармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр.  Сондай-ақ, ерекше дарын иелері республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалуға жолдама алады. 

Бұл байқауда әрбір қатысушы жеңімпаз. Тағдырдың жазуымен мүгедек болса да, мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеуге қауқарлы. Олар, шетінен талабы биік талантты бүлдіршіндер.

 

 

 

 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары