Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 7 гостей.

Республикалық ғылыми жарысқа Жамбыл облысынан 25 оқушы қатысып, оның 22-сі жеңімпаз атанды

2018 жылдың 28-31 қаңтар аралығында Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалары және зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

Байқау оқушылардың интеллектуалды-шығармашыл әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында ерте мектеп жасындағы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Байқаудың негізгі міндеттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік белсенділіктерін дамыту, оқушылардың ғылым негізіне қызығушылықтарын ынталандыру.

Байқау ережесіне сәйкес 3 кезеңде өткізілді. Байқаудың қорытынды кезеңіне республиканың барлық аймақтарынан 400 ден аса жас зерттеушілер қатысты. Оқушылардың зерттеу жобаларын қорғау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінген 8-секция бойынша өткізілді: 1-топ – 1-4 сыныптар, 2-топ – 5-7 сыныптар.

Республикалық байқаудың әділқазылар алқасының шешімі және жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, мадақтама иегерлері анықталды.

Жамбыл облысынан аталған ғылыми жарысқа (19 жоба) 25 оқушы қатысса, оның 22-сі жеңімпаз атанды (6 оқушы І орын, 6 оқушы ІІ орын, 10 оқушы ІІІ орын). Сонымен қатар, 3 оқушы мадақтамамен марапатталды.

І орын иегерлері:

  • Дербісәлі Санжар, Өтеулі Мағжан, Битуғанова Жания, Кеңес Аружан – облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 5,6,7 сынып оқушылары,
  • Серікбай Әліби - Шу ауданы, Жібек жолы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы,
  • Айткен Дәурен – Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы.

ІІ орын иегерлері:

  • Дүкенбай Алуа, Құрманбек Сабина – облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 6,7 сынып оқушылары,
  • Тұрыс Әмір,  Еламан Альбина – Тараз қаласы, №45 гимназияның 4,6 сынып оқушылары,
  • Сәулебаев Қайсар – Шу ауданы, М.Мақатаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы,
  • Тоқтасын Мөлдір – Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы.

ІІІ орынының иегерлері:

  • Мұратбайқызы Сәбина, Дәулетжан Аңсар, Дүкенбай Арайлым, Омар Назерке – облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 5,6 сынып оқушылары,
  • Құрама Әсел – Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сартбаев атындағы орта метебінің 7 сынып оқушысы,
  • Ардаққызы Жанайда – Меркі ауданы, №44 орта мектебінің 3 сынып оқушысы,
  • Борис Фатима, Жаулбаева Жансая – Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары,
  • Көшербай Абыл – Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы,
  • Кузьменко Артем – Тараз қаласы, №24 гимназияның 3 сынып оқушысы.

Байқаудың барлық қатысушыларына «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары  табысталды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылар бос уақыттарында Щучье-Бурабай табиғи-ұлттық, тарихи саябағына экскурсияға барды. Байқауға қатысушыларға республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының «Жастар» педагогикалық отрядының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар мен естелік жейделер ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі