Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 13 гостей.

Облыстың 4 педагогі «Үздік педагог» атағын, 2269000 теңге сыйақыны иеленді

 

       Педагогтардың мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында 2012 жылдан бері «Үздік педагог» атағын және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беру мақсатында республикалық «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып, өткізілуде. Осы уақытқа дейін облысымызда 19 педагог осы құрметті атақты иеленсе,  ағымдағы жылдың 5 қазан күні оның қатары тағы 4 педагогқа толықты.

 2017 жылдың  15-20 мамыр аралығында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының негізгі облыстық кезеңі  өткізілген болатын.

        «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне  аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен  облыстық білім басқармасына қарасты  білім мекемелерінен барлығы 200 педагог қатысса,  ІІ облыстық кезеңіне 28 педагог құжат тапсырды.  28 педагогтың 15-і тест тапсыру арқылы іріктеуден өтіп, «Мен қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссе жазып, шығармашылық жұмыстарын, электронды портфолиоларын қорғап, панорамалық ашық сабақтарында өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетті.

        «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңінде   11 педагог Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

Жүлделі орындарды иеленген педагогтардың жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне,  Техникалық және кәсіптік білім департаментіне жолданды.     

        Республикалық комиссияның шешімі бойынша облысымыздың 4 педагогі республикалық «Үздік педагог-2017» байқауының жеңімпазы атанып, «Үздік педагог» төсбелгісін және  2269000 теңге сыйақыны иеленді. Олар: Тараз қаласы,  Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі  Ержан Есетұлы Жұмаділов, Тараз қаласы, № 1 гимназияның физика пәнінің мұғалімі  Гүлмира Райбекқызы Помашева, Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Сауле Рысбайқызы Айдарбекова, Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы  Сандуғаш Жанұзаққызы Наметқұлова.

Педагогтарды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

   

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі