Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 10 гостей.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсан №919 қаулысымен бекітілген

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                

  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 

  1. Паспорт (негізгі параметрлер)

 

 Атауы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы                     Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы                               9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының                                 № 01-7.8 хаттамасы

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

 Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

 Міндеттері

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Іске асыру мерзімдері 

2017 – 2021 жылдар

 Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен                 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

  1. жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады    (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %);
  2. жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі               20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %);
  3. өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі –                      10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %);
  4. белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды  (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті)

Қаржыландыру көздері және көлемі

  1. республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
    2017 – 40 295 647 мың теңге;
    2018 – 40 664 637 мың теңге;
    2019 – 41 540 291 мың теңге;

 

  1. жалпы сипаттағы  трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат:

2017 – 45 038 436 мың теңге;

2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

 

  1.  Кіріспе

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда  айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.

Дүниежүзілік Банктің[1] деректеріне сәйкес 2000 жылдан бастап мемлекетіміз жан басына шаққанда тұрғындардың табысының 7 пайызға жуық нақты өсуіне қол жеткізіп, әлем экономикасындағы ең тез дамушы 10 елдің тобына кірді.

Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін неғұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.

Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталары») логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.

Сонымен бірге, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғарылығына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.

Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды.

Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.

Осыған байланысты, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

 

2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) «АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;

2) «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы  – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;

3) әскери техникалық мектеп – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарына ведомстволық бағынысты арнайы оқу орындары;

4) кепілгер – «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;

7) оқытудың екі деңгейлік моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін оқыту жүйесі;

8) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

9) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/«АШҚҚҚ» АҚ;

10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

11) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – білім беру қызметтерін ұсына отырып, басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

12) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган –кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

14) микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге микрокредит үшін өтініш берген уақытқа қарай кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;

17) микрокредит беру ұйымы – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

18) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары;

19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

20) қаржылай емес қолдау операторы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

21) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы;

22) субсидиялау жөніндегі оператор – «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы;

23) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бөлігі;

24) қысқа мерзімді кәсіптік оқу – жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі;

25) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

26) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

27) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган –  кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

28) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

29) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

30) оқу орны – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

31) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

32) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жылжымалы оқу орталығы;

33) аудандық (қалалық) комиссия – жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;

34) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, мүдделері мен еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып біліктілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

35) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шартты негізде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;

36) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтитын жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылатын Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың арасындағы келісім;

37) кәсіптік ақпараттандыру – қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес еңбек нарығындағы ахуал, игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі, қайта оқытудан өту, біліктілікті арттыру туралы ақпарат ұсыну;

38) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ішкі көшіп-қонушы;

39) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен жеке айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

40) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

41) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

42) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

43) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

44) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

45) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуін талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

46) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

47) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

48) «Еңбек нарығы» ААЖ – әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қосқанда жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыру әрі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында Бағдарлама операторының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

 

  1.  Ағымдағы ахуалды талдау

Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар санының
11 %-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің де саны 1,5 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 178 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 448 мың адамға төмендеді.

Жұмыссыздық (жалпы, жастар арасында, ұзақ мерзімді) деңгейі орта есеппен 47 %-ға қысқарып, бүгінгі таңда экономикалық белсенді тұрғындар санының 4,9 %-ын (445 мың) құрайды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖК 2020) жұмыс істеген уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2 %-дан                        2014 – 2015 жылдары 5 %-ға дейін және 2016 жылғы 3-тоқсанда 4,9 %-ға дейін төмендеді. ЖЖК 2020 бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылғы 5,5 %-дан 2014 жылы 4,2%-ға дейін және 2015 жылғы 4,3 %-ға дейін төмендеп, 2016 жылғы                       3-тоқсанда ғасыр басынан бастап ең аз 3,9 %-ды құрады.

Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де ықпал ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:

1) еңбек ресурстары сапасының төмендігі

Соңғы 10 жыл ішінде (2006 жылдан бастап 2016 жылғы 3-тоқсанды қосқанда) жоғары және аяқталған жоғары білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 25 %-дан 38,0 %-ға, техникалық және кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 %-дан 36 %-ға дейін өсті.

Егер 2013 жылы жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 34 %-ды құраса, 2014 – 2015 жылдары оның көрсеткіші 37 %-ға дейін өскен. Сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі соңғы жылдары орташа деңгейде 33 % қалуда (2013 жылы -32 %, 2014 жылы – 34 %, 2015 жылы – 35 %).

Бұған Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар септігін тигізді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне Ұлттық біліктілік шеңбері деген ұғымды көздейтін өзгерістер енгізілді, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.

Дегенмен қабылданған шаралар жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымының сапасын түбегейлі өзгерте алмады. Төмендегеніне (48-ден бастап 27 %-ға дейін) қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары күйінде қалып отыр.

Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және                             11-сыныптары түлектерінің қозғалыс серпіні орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді.

Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен, жыл сайын жұмыс берушілер тапсырыс берген                       20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды.

Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73 %-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға және жұмысшы кәсіптерге келетінін көрсетті.

Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет;

2) нәтижесіз жұмыспен қамту

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2013 жылы 2,2 млн. адамнан (27 %) 2014 – 2015 жылдары 2,1 млн. адамға (25 %) дейін қысқарды, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны бұл ретте, соңғы үш жылда 40 %-ға – 2013 жылы 558 мың адамнан 2014 жылы 430 адамға дейін және 2015 жылы 331 мың адамға дейін қысқарды.

Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де    25 %-ды немесе 2,2 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 360 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады, яғни не олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығы секторына тиесілі және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек, кедейлік алдындағы осалдықпен сипатталады, сол арқылы әлеуетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын арттырады.

Бұдан басқа, білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі барынша өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қол жетімділікті шектейді. Сондай-ақ негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар жұмыс істейтіндердің 56 %-ы нәтижесіз жұмыс істейтіндерге жатады.

Бұған қоса, алдағы 5 жылда 1990 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға байланысты жаңа жұмыскерлердің келуі баяулайтын болады              (2014 жылдан бастап төмендеуде). 2021 – 2022 жылдарға қарай жаңа жұмыскерлердің жыл сайынғы келуі 19 мың адамға дейін қысқарады.

Осыған байланысты жаңа жұмыс күшінің келуі төмендеген жағдайларда экономикалық өсу үшін толыққанды экономикалық қызметке тартуға мұқтаж өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды резерв ретінде қарастыру керек;

3) өңірлік диспропорциялар және демографиялық теңгерімсіздік

Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауларға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Ағымдағы үрдістер сақталғанда 2050 жылға қарай солтүстік өңір тұрғындары 0,9 млн. адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі адам саны 5,3 млн. адамға өседі. Бұл ретте оңтүстік өңірде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.

Егер 2013 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 млн. 943 мың адамды құраса, 2014 жылы – 2 млн. 945 мың адамды, ал 2015 жылы – 2 млн.                  950 мың адамды құрады, яғни еш өзгермеген, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, халықтың саны 132 мың адамға өскен (2013 жылы – 6 млн. 482 мың адам,                   2014 жылы – 6 млн. 505 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 614 мың адам).

Бұл ретте солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда      15 жастан кіші тұрғындардың үлесі 20 %-ға жуық, ал оңтүстік өңірлерде 35 %-дан жоғары. Сол себепті жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн;

4) экономикадағы жұмыс орындарын ашудың жеткіліксіздігі;

2010 – 2015 жылдары экономиканың өсуіне негізгі үлесті қызмет көрсету секторы қосты. Соңғы 6 жылдағы жиынтық экономикалық өсудің үштен біріне жуығы сауда есебінен қамтамасыз етілді, тағы 15 %-ын – көлік қызметі,                    13 %-ын – ақпарат және байланыс қосты. Тауарлар өндірісі экономика өсімінің тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте оның үлесі жылдан жылға азаюда.

Мәселен, 2013 жылы өсімге тауар өндірісінің қосқан үлесі 28,1 %-ды құраса, 2014 жылы ол 17,2 %-ға дейін қысқарған, ал 2015 жылы экономикалық өсімнің бар-жоғы 15,9 %-ын құраған.

Сол жылдары сауданың үлесі тиісінше 2013 жылы – 30,6 %-ды,                   2014 жылы – 29,2 %-ды және 2015 жылы – 10,6 %-ды құраса, көлік және қоймаға жинау секторы 2013 жылы – 12,9 %-ды, 2014 жылы – 16,7 %-ды және 2015 жылы – 33,9 %-ды құраған, ақпарат және байланыс секторы – 2013 жылы – 12 %-ды, 2014 жылы – 10,9 %-ды және 2015 жылы – 4,6 %-ды құраған.

2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамтудың өсіміне қосқан үлесіне келетін болсақ, жұмыспен қамтудың 28 %-ға өсуін білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару тәрізді мемлекеттің қатысуы басым салалар қамтамасыз етті. Мемлекеттік кәсіпорындар құратын жұмыс орындарын есептегенде мемлекеттің жалдамалы жұмыскерлер қатарының өсуіне қосқан жиынтық үлесі 50 %-дан асады.

Осылайша, кейінгі жылдары жеке меншік секторы жаңа, тұрақты және өнімді жұмыс орындарының аз ғана санын құрайды.

Әлемнің дамыған елдерінің табысты тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін шешуге ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігі мен ауқымын арттыратынын көрсетеді.

Сондықтан, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шаралары қызмет көрсету саласын және ауылдағы кооперацияларды кеңейтуді ескере отырып, микрокредит берудің көлемін ұлғайтуды, құралдар мен инфрақұрылымдарын, сондай-ақ оқыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларды арттыруды қамтитын болады.

Еңбек нарығына және іске асырылған іс-қимылдарға жасалған талдау мыналарды айқындайды.

1. Мықты жақтары:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қызметінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне басымдық;

2) мемлекеттік халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын іске асыруда жаңартылған нормативтік құқықтық қамтамасыз етудің болуы;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын іске асыруға қомақты ресурс бөлу;

4) институционалдық базаның, әлеуметтік-еңбек саласы деректерінің және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда айтарлықтай тәжірибенің болуы;

5) халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және әлеуметтік әріптестік өкілдерімен ынтымақтастық.

2. Осал жақтары:

1) үлкен аумақта тұратын халық саны салыстырмалы түрде аз болған кезде жергілікті нарық ауқымының төмен болуы;

2) экономикалық өсім қарқынының баяулауы;

3) аумақтық және демографиялық диспропорция;

4) көлік байланысының нашар болуы;

5) кадрларды даярлау жүйесі тиімділігінің салыстырмалы түрде төмендігі.

3. Мүмкіндіктері:

1) экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру;

2) кадрлар даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек ресурстарының сапасын арттыру;

3) мемлекет пен кәсіпорындардың еңбек ресурстарының қажетті саны мен сапасына қызығушылық танытуы;

4) мемлекеттің, бизнестің, халықтың еңбек нарығындағы ахуал, трендтер мен мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратқа қызығушылық танытуы;

5) халықты жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің әлеуетін пайдалану;

6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды тез дамуы, «электрондық үкімет» және электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету.

4. Қауіп-қатер.

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің іс-шараларын қаржыландыруды қысқартатын саяси шешімдер қабылдау;

2) елдегі және өңірдегі негізгі әріптес елдердегі экономикалық жағдайдың нашарлауы;

3) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.

Әлемдік саясатта еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан  жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.

Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал ететін болады.

 

  1. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

 

  1.  Бағдарламаның мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

  1.  Нысаналы индикаторлар

Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:

1)       Жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы                      3-тоқсан – 4,9 %)

2)       Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %)

3)       Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %)

4)       Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды 

Р/с № 

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2017

2018

2019

2020

2021

1

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

4,9

4,8

4,8

4,8

2

Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі

%

25

24

23

22

20

3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі             

%

15

14

13

12

10

4

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі

%

3

5

7

9

10

 

  1.  Міндеттер

Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:

1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

 

4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

 

1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

           

 1-кесте. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қарай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері.                

№Р/с №  

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

 

1

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны

 мың адам

21,3

41

61            

65

70

 БҒМ, ЖАО

 

2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

 

2-кесте. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері.

 

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

 

1

 Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

 

 мың адам

26

36

46

50

56

 

 БҒМ, ЖАО

 

4.3.2.  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

 

1-міндет. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

 

 3-кесте. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

 

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

 

1

Кәсіпкерлік негіздерін оқудан өткен адамдардың саны

 мың адам

15

30

30

30

30

 ҰКП, ЖАО

2

Бизнестерін ашқан қатысушылардың саны

%

20

20

20

20

20

 

 

2-міндет. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

 

4-кесте. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері

 

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Ауылда берілген микрокредиттердің саны

бірлік

ЖАО-лардың есептері

3 300

3 500

3 500

3 700

3 900

 АШМ, ЖАО

2

Ауылда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

ЖАО-лардың есептері

720

750

760

770

780

АШМ, ЖАО,   «ҚазАгроКепіл» АҚ

3

Ауылдағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі

%

ЖАО-лардың есептері

20 %

20 %

20 %

20 %

20 %

АШМ, ЖАО

 

5-кесте. Қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері

 

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Қалада берілген кредиттердің/микрокредиттердің көлемі, оның ішінде:

жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

республикалық бюджет қаражаты есебінен

млн. теңге

10000

7000

3000

10000

7000

3000

15000

12000

3000

15000

12000

3000

15000

12000

3000

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

2

Қалада берілген кредиттер/микрокредиттер саны

бірлік

2500

2500

3750

3750

3750

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

3

Қалалардағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі

%

20 %

20 %

20 %

20 %

20 %

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

4

Қалаларда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

500

500

750

750

750

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

 

4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы   

Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

1)  жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

 

1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

 

6-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері

 

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

75

78

83

87

90

 ДСӘДМ, ЖАО

2

Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жүгінгендердің қатарынан оған қатысушылар құрамына енгізілген әйелдердің үлесі 

%

45

45

45

46

48

 

ДСӘДМ, ЖАО

3

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

%

60

65

68

70

75

 

ДСӘДМ, ЖАО

4

Жастар практикасына қатысушылардың саны

 мың адам

12,7

13,2

13,6

13,8

14,0

 

ДСӘДМ, ЖАО

5

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

 мың адам

11,3

11,4

11,5

11,6

11,7

 

ДСӘДМ, ЖАО

6

Жұмысқа орналасқандардың саны

 мың адам

60

75

90

130

150

ДСӘДМ, ЖАО

 

2-міндет.  Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

7-кесте.  Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны 

 мың отбасы

2,7

2,7

2,7

3

3

 ДСӘДМ, ЖАО

2

Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

90

92

94

95

90

ДСӘДМ, ЖАО

 

 

3-міндет.  Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

 8-кесте.  Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

№Р/с № 

 Көрсеткіш атауы

 Өлшем бірлігі

 Іске асыру жылдары

 Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген ізденушілердің үлесі

%

43

45

50

55

59

ДСӘДМ, «

ЕРДО» АҚ

2

Тіркелген ізденушілердің саны

 мың адам

50

54

61

68

75

ДСӘДМ,

«ЕРДО» АҚ

3

Тіркелген жұмыс берушілердің саны

мың адам

11

14

20

26

32

ДСӘДМ,

«ЕРДО» АҚ

 

 

  1.  Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
    1.  Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

 Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.   

 

 5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Өзге санаттағы адамдарға:

  1. көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;

7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

9) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.

ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаға қатысу және қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Кадрларды даярлау және оқыту қағидалары) айқындалады.

ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.

Мамандықтар мен кәсіптер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен (ӨКП) бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдауды және болжамын есепке ала отырып айқындалады. ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының              5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышына сәйкес білім берудің екі деңгейлі моделі бойынша білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер және мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.

Оқу орындары мыналары:

1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;

2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.

Оқу орындары және мамандықтар бойынша орындарды бөлу білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындалатын облыс бойынша оқитындар контингентінің жылдық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.

ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігі:

1) аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.

Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.

Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады;

2) мобильдік топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мобильдік топтар бекітілген тізбеге сәйкес оқу орындары мен мамандықтарды көрсетіп, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады;

3) мобильдік топтар жыл сайын 25 тамызға дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне шығару үшін қалыптастырылған тізімдерді ұсынады;

4) облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орындарымен (аудандық) қалалық комиссияның шешімін және оқитындардың тізімімен қоса, Бағдарлама шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлау туралы шарт жасайды;

5) аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және оларға оқу орындарына жолдамалар береді;

6) оқу орындары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді оқушылардың құрамына қосады.

Оқу орындары оқушыларды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін  Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып, оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;

7) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен Бағдарламаға қатысушыларға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, біліктілік беру туралы сертификат беріледі.

ТжКБ бар кадрларды даярлаудың ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Оқу орындары Бағдарламаға қатысушыны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады;

Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру  қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.

 

5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу

Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жұмыс берушілердің қатысуымен және ӨКП-мен келісілген білім беру ұйымы әзірлеген оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар                    29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады.

Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін  Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.

2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, кәсіптер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары және кәсіптер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.

Кәсіптердің, дағдылардың тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдау мен болжамды есепке ала отырып айқындалады.

Білім беру ұйымдары:

1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдаланған;

2) біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу бойынша біржылдық тәжірибесі болған жағдайда тізбеге қосылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігі:

1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/білім беру ұйымдарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады;

2) білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округтер немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс күні ішінде үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары екі жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді;

4) аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарап, бекітеді;

5) халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді. Ауылдық елді мекендерде тұратын үміткерлер ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы хабардар етіледі; 

6) білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдауды аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары оқушыларды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;

7) қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы сертификат береді.

Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін  Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығаруға құқығы бар.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады.  

Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыру

ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды –халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Білім беру саласындағы және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуы туралы мынадай:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының саны;

2) оқыту (ТжКБ, қысқа мерзімді кәсіптік оқу) түрлері, мамандықтар мен кәсіп түрлері, оқытудың ұзақтығы бойынша оқушылардың саны;

3) өтініш бергендердің және оқытуға қабылданғандардың саны;

4) оқуды аяқтағандардың саны;

5) оқудан шығарылғандардың және оқуды аяқтамаған адамдардың саны туралы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынады.

Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде тартылған тараптардың функцияларын бөлу

Өңірлік комиссия:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекітеді;

3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.

Аудандық (қалалық) комиссия:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдайды;

3) әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

1) Бағдарламаның бірінші бағытын жалпы үйлестіруді және іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;

3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

4) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес модульді-құзыретті тәсілге негізделген үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.

Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:

1) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық тараптардың жұмысын үйлестіреді;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;

3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру ұйымдарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады.

Аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар:

1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде  қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингті жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары:

1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың  дуальды моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;

2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;

3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуды жүргізеді;

4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты ұсынады;

5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;

2) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

3) еңбек нарығын талдауды және болжауды, анағұрлым сұранысқа ие кәсіптерді айқындауды жүргізеді және аталған ақпаратты Бағдарламаға қатысушы тараптарға беруді қамтамасыз етеді;

4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті  аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне талдауды, сұраныс пен ұсынысты болжауды жүргізеді;

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін жүргізеді;

5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

Жергілікті атқарушы органдар – кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдері:

1) Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2) мобильді топтар құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімдерін қалыптастыруға қатысады;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысқысы келетін адамдарға консультация береді және оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;

4) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;

5) ТжКБ бар кадрларды даярлаудан және қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен адамдардың мониторингін жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық және өңірлік кәсіпкерлер палаталары:

1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға қатысады;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;

3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту үшін оқу бағдарламаларын келіседі;

4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;

5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

 

5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.

 

5.2.1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.

Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.

Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестілеу;

2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру;

3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.

Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспайды.

Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.

Оқу қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат (сабақтарға жүйелі түрде бармаған кезде) және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.

Қаржылай емес қолдау операторы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушының микрокредит алуға арналған өтінімін қарау туралы микроқаржы ұйымы және/немесе кредиттік серіктестік және/немесе «АШҚҚҚ» АҚ және/немесе екінші деңгейдегі банк алдында қолдау білдіреді.

Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оқу және тестілеу өткізілетін күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдер беру мерзімдерін көрсете отырып, тоқсан сайын түзету енгізу мүмкіндігімен оқытуды өткізу графигін жасайды.

Оқыту графигі бұқаралық ақпарат құралдарында және қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.

Қаржылай емес қолдау операторы оқыту басталғанға дейін тыңдаушылардың әрбір тобы бойынша бизнес-тренерлердің (тәлімгерлердің) болуын қамтамасыз етеді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігі:

1) оқуға үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне қатысуға өтінішпен жүгінеді және тізбесі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;

2) ӨКП-ның аудандық филиалы/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімі үміткерлердің құжаттары мен өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін «Бастау Бизнес» жобасының нысаналы тобына сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің тізімін ӨКП-нің аудандық филиалына ұсынады;

4) қаржылай емес қолдау операторы үміткерлерге тестілеу жүргізіп, оқитын адамдардың топтарын қалыптастырады және нәтижелері бойынша кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді;

5) тестілеуден өткен және оқуға жіберілген үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына сәйкес оқуды жалғастырады. Тестілеуден өтпеген үміткерлерге Бағдарламаның бірінші бағыты немесе басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан не қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту ұсынылады.

«Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасау жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға (2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес  белгіленген нысан бойынша мынадай:

1) оқуға жіберілгендердің;

2) оқуын аяқтағандардың;

3) жеке ісін ашқандардың;

4) микрокредит алғандардың саны туралы ақпаратты ұсынады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.

 

5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.

Микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

2) қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан  өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

Микрокредиттер басымды тәртіппен кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп жыл сайын                    20 ақпанға дейін аудандарды және елді мекендерді өңірлік мамандандыру картасын әзірлеп, оны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оны микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға/ «ҚазАгрокепіл» АҚ-ға ұсынады.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда «АШҚҚҚ» АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы ұсынылады.

Микрокредиттер қалаларда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), қорландыру «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдары арқылы ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттарда бюджеттік кредит ұсынылады:

1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру.

Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге,  жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.

Микрокредит беру ұйымының және «АШҚҚҚ» АҚ қатысуын жергілікті атқарушы органдар өз бетінше айқындайды, бір облыста екі микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ бір уақытта қатысуы мүмкін.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға қарыз шарттары бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

Микрокредит беру ұйымдарына және «АШҚҚҚ» АҚ-ға қарыз ұсыну шарттары:

1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

3) игеру кезеңі – 12 ай;

4) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру, Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану және қамтамасыз етілу шарттарында не қаржылық тұрақты микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер үшін қамтамасыз етілмей жүзеге асырылады;

2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «Даму» КДҚ» АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

4) игеру кезеңі – бюджеттік кредитті алған кезден бастап 12 ай;

5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру.

Микрокредит беру ұйымдарына/екінші деңгейдегі банктерге/микроқаржы ұйымдарына/кредиттік серіктестіктерге/«АШҚҚҚ» АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;

3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

4) ЕДБ/МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ-ға қандай да бір комиссияларды, жинақтарды және/немесе дара кәсіпкер қарыз/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын төлемдерді қоспағанда, дара кәсіпкерлердің қарызымен/микрокредитімен байланысты төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, жинақтардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микрокредит/кредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

7) МҚҰ/КС/ЕДБ/«АШҚҚҚ» АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады;

9) бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттардың есебінен қайта кредит беруге/микрокредит беруге жол беріледі.

Қалаларда кредиттер/микрокредиттер ұсыну тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит ұсыну тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру  қағидаларында айқындалады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін  Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға жүгінеді;

4) МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

5) МҚҰ/КС ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

6) МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ микрокредит берген күннен бастап тоқсан күн ішінде микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп тоқсан сайын МҚҰ/КС/Микрокредит беру ұйымына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

7) микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп ұсынады.

Шағын қалалардан басқа қалаларда микрокредит беру тетігі:

1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер МҚҰ/ЕДБ-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға өтінішпен жүгінеді;

4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микрокредит алу үшін өтінішпен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

8) микрокредит беру ұйымы берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы мониторингті жүзеге асырады және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес микрокредиттер беру және есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде олардың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп ұсынады.

 

5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру

Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;

2) қалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берген микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.

Микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері кепілдік мөлшерінен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 30 %-ды, қалаларда – 20 %-ды құрайды.

Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады.

Кепілдіктердің мөлшері:

1) ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-дан аспайды;

2) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасынан 50 %-дан аспайды.

Кепілдік берілуге тиіс микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.

Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

Микрокредиттер бойынша ішінара кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.

Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.

Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдар келесі жылдың басында микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 % кепілгерлерге аударады. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай кепілгерлерге аударылады.

Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражаты игерілуінің растамасы болып табылады.

Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін микрокредиттің қолданылу мерзіміне ұсынылады.

Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік беру шартында белгіленген жағдайларда кепілдік ұсынудан бас тартуға құқылы.

Микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

Қалаларда микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін  Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

 

5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау

МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге арналған операциялық шығындар субсидиялауға жатады.

МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.

Субсидиялар мынадай шарттармен беріледі:

1) субсидия мөлшері «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінен 10 %-ды құрайды;

2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ МҚҰ-ға ұсынған, оператор растаған қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;

3) МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ұсынған қаражаттың игерілуін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде субсидиялау жөніндегі оператор растауға тиіс;

4) субсидиялау мақсаты үшін Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескеріледі.

Бұрын берілген, МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған, микрокредиттерден қайтарылған (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге арналған МҚҰ операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.

МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.

Екінші бағытты іске асыру шеңберінде

Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары арқылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен «АШҚҚҚ» АҚ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторына:

1) «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуы;

2) кепілдік беру және субсидиялауды есепке ала отырып, ауылда микрокредит беру барысы;

3) кепілдік беруді есепке ала отырып қалаларда микрокредит беру барысы;

4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынады.

Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органға ақпарат ұсынады.

 

5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.

 

5.3.1. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

4) жастар практикасын ұйымдастыру;

5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

 

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:

1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіби консультацияны;

3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

Кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында айқындалады.

Кәсіптік бағдарлауды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарта отырып халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
 

Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

 

Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:

1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;

2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;

3) іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;

4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;

5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру қызметтерін көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартуға құқылы.

Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

Әлеуметтік жұмыс орындары  тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады. 

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) әлеуметтік жұмыс орындарын құруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс шарттарын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

Жұмыс берушілердің тізбесі қажетіне қарай күнтізбелік жыл ішінде жаңартылып отырады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.

Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтініш пен құжаттарды береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға жалақының субсидияланған бөлігін төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган дербес белгілейді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс істеген уақытына ай сайын жүргізеді.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.  

 

Жастар практикасын ұйымдастыру

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.

Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.

Жастар практикасы бойынша жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

Ұйымдардың тізбесі жыл бойы қажетіне қарай жаңартылып отырады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді.

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.

Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.    

Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.

Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.

Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері                     25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.  

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау  жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және жастар практикасына 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімдері аяқталғанға дейін осы Бағдарламаның шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмысын жалғастыруға және жастар практикасын өтуге құқық беріледі.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.

Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.  

Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.

Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

 

5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

4) оралмандар;

5) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері) жүзеге асырылады.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары кейінгі      10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы метрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.

Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру үшін өңірлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады («Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысы).

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.

1) көшуге субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай ішінде ай сайын:

2.1) бір адам үшін – жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде –жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу  және  одан көп болған кезде – отыз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидия – ауылдық жерлерге қоныс аударулар үшін он екі ай ішінде ай сайын төлеу:

3.1) бір адам үшін – он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – он сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу  және  одан көп болған кезде – жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Үкімет айқындаған өңірлерге келген оралмандарға субсидиялар шығу өңіріне және жұмысқа орналасу фактісіне қарамастан төленеді.

Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған өтінімдері бойынша Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына баратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

1) көшуге субсидия – әр отбасы мүшесіне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне бір рет;

2) жұмыс беруші жұмысшыға қызметтік тұрғын үй ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беру. 

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары орын алған қоныс аудару және жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (әлеуетті қоныс аудару) бойынша да көрсетілуі мүмкін.

Келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға:

1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі;

2) жұмыс берушілердің кәсіптер бөлінісінде жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігі туралы ақпаратты ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстарын кәсіптер бөлінісінде тарту жөніндегі ұсынысты қарап, өңірлік комиссияға жолдайды.

Келу өңірлерінің өңірлік комиссиясы шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ҚР МК 01-2005  қызметтер сыныптауышына сәйкес бекітеді.

Тізбеге басым тәртіппен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға тарту үшін білікті жұмыскерлердің кәсіптері қосылады.

Шығу өңірлерінен келу өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

1) мемлекеттік қызметшілерге;

2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;

3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.

 

Нақты қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен өздігінен қоныс аударған адамдар жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасқан сәттен бастап үш айдан кешіктірмей келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді;

3) үміткерлер келіскен кезде келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді; 

4) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары 10 жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді;

5) аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуі бойынша өткізіледі;

6) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша аудандық комиссиялар 10 жұмыс күні ішінде азаматтарды, оралмандарды Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

7) халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссиядан ұсынымдар алғаннан күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда);

8) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;

9) халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады;

10) үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

 

Әлеуетті қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған адамдар шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

2) шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.

3) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарын келу өңірлері, қосымша еңбек ресурстары қажет кәсіптер, мамандарға қойылатын талаптар, жұмыс шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;

4) Бағдарламаға қатысуға келісім берген кезде үміткерлер шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді; 

5) шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді және ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;

6) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтініші мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді;

7) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ол туралы шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды;

8) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады;

9) жаңа жерге қоныс аударғаннан және нақты жұмысқа орналасқаннан кейін Бағдарламаға қатысушылар келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды береді.

Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған өтінімдері бойынша Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына баратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі

1) шығу өңірлерінде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;

2) халықты жұмыспен қамту орталығы қоныстандыру өңірлеріндегі жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал нұсқаларын келіседі және қоныстандыру үшін өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды жібереді;

3) қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын 10 жұмыс күні ішінде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді.

4) қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді; 

5) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналасу жөніндегі іс-шараларды қамтиды;

6) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттардың негізінде қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияны карт-шотқа  ақша аудару арқылы төлейді.

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру бойынша шараларды қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

2017 жылы Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу және/немесе сатып алу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуды қаржыландыру құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асырады.

Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде, Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.

 

5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:

1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);

2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;

3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.

«Еңбек нарығы» ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.

«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты  қамтиды.

Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында «Еңбек нарығы» ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімін әрі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.

«Еңбек нарығы» ААЖ-да ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер еркін қолжетімді порталға орналастырылады.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өздерінің ыңғайына қарай еркін қолжетімді порталға ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты орналастыра алады.

Порталға жүгіну арқылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтерін көрсете алады.

Заңның 31-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес еңбек делдалдығы үшін жүгінген және кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталықтары деректерді ашық қолжетімділікте орналастырмай портал арқылы ұсынады.

Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

Портал ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса «Еңбек нарығы» ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және ізденушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.

Жұмыс берушілердің, ізденушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы Бағдарлама мен Заңға сәйкес функционалдық мүмкіндіктерімен «жеке кабинет» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Жұмыс берушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) ізденушілердің дерекқорына қолжетімділік;

2) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді жіберу;

3) мәлімделген бос лауазымдарға сәйкес ізденушілерді іріктеу жөніндегі қызметтерді алу;

4) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы  халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ету;

5) жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты ұсыну;

6) болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтерді жіберу;

7) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдерді қалыптастыру.

Жұмыс берушілер мүмкіндіктерінің 2, 4, 5, 6-тармақтарын іске асыру Заңның 28-бабы 1-тармағының 6), 8) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауға сәйкес келеді.

Ізденушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) базасына онлайн қолжетімділік;

2) резюме орналастыру;

3) бос жұмыс орындарына (бос лауазымдарға) жұмысқа орналастыру үшін жолдама бойынша қызметтерді алу;

4) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқуға өтінімдер беру.

Ізденуші мүмкіндіктерінің 3-тармағын іске асыру олардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының Заңның 13-бабы 2-тармағын орындауына сәйкес келеді.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1) ізденушілер мен бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) дерекқорына онлайн қолжетімділік;

2) заңнамаға сәйкес еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтері;

4) еңбек делдалдығы және жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны туралы ақпаратты ұсыну арқылы  «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу;

5) Бағдарламаның  бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдер қалыптастыру.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мүмкіндіктерінің 2,                   4-тармақтарын іске асыру Заңның 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында және 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауға сәйкес келеді.

 

Жұмыс берушілердің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

 1) жұмыс берушілер бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы ақпаратты «жеке кабинетте» орналастырады, ол «Еңбек нарығы» ААЖ-да және еркін қолжетімді порталға орналастырылады;

2) тиісті ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ізденушілер үшін белгілеген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыс іздеп жүргендер мен «Еңбек нарығы» ААЖ дерекқорындағы жұмыссыздар  қатарынан ізденушілерді іріктеуді қамтамасыз етеді;

3) ізденушілер үшін шарттар кәсіптік даярлығының, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесінің, денсаулық жағдайының, жұмыс уақыты режимінің, жұмыс орнына көліктік қолжетімділікке сәйкес келуін қамтиды;

4) ізденуші мәлімделген бос жұмыс орнына (бос орынға) орналасуға келісім берген және ізденушілерге қойылатын шарттарға сәйкес келген кезде халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушінің порталдағы «жеке кабинетте» көрінетін іріктелген ізденушілердің деректерін (резюмесін) жұмыс берушіге жібереді;

5) жұмыс беруші іріктелген ізденушілердің деректерін (резюмесін) жіберген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдағаны немесе жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны туралы халықты жұмыспен қамту орталығын «жеке кабинет» арқылы хабардар етеді.

Жұмыс берушіден үш жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдағаны туралы хабарлама болмаса, ұсынылған ізденушіні жұмысқа орналастырудан бас тартылды деп есептеледі;

6) жұмыс беруші ізденушіні жұмысқа қабылдағанын растаған жағдайда, тиісті бос жұмыс орны (бос лауазым) порталдан және «Еңбек нарығы»        ААЖ-дан жойылады;

7) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты нысанға (қосымша) сәйкес  орналастырады.

Осындай адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары олардың келісімімен ізденуші ретінде деректерін порталға орналастыруды қамтамасыз етеді;

8) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» болжамды жұмыс орындары туралы мәліметті орналастырады.

Бұл мәліметтер Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқытуға, мамандықтарға және білім беру ұйымдарына қажеттілікті айқындау кезінде пайдаланылады.

Жұмыс беруші болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынбаса, құрылатын жұмыс орындары жоқ деп есептеледі;

9) жұмыс берушілер «жеке кабинетте» кәсіптік оқуға өтінімдерді орналастырады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Ізденушілердің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

1) ізденушілер ақпаратты порталдағы «жеке кабинетте» өз бетінше дербес не мұндай ақпаратты порталға халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы орналастырады;

2) тиісті ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркелген ізденушілер үшін бос жұмыс орындарын (бос лауазымдарды) іріктеуді қамтамасыз етеді;

3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) ізденушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келген кезде халықты жұмыспен қамту орталықтары олардың деректерін (резюмесін) жұмыс берушіге жібереді, ол туралы ізденушіге порталдағы «жеке кабинет» арқылы немесе тікелей (порталда «жеке кабинет» болмаған кезде) хабарлайды;

4) жұмыс беруші ізденушіні жұмысқа қабылдағанын растаған жағдайда, ізденушінің дерегі порталдан және «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жойылады;

5) ізденушілер «жеке кабинетте» кәсіптік оқуға өтінімді орналастыра алады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің порталдағы жұмысқа қатысу тетігі:

1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін порталға орналастырылған ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалана алады;

2) ізденушілер туралы деректерді тексеру жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің деректерін порталдағы «жеке кабинет» көмегімін «Еңбек нарығы» ААЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады;

3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығына және жұмысқа орналастыру үшін жүгінген адамдар туралы ақпаратты «Еңбек  нарығы» ААЖ-ға беруді порталдағы «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырады;

4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері «жеке кабинетте» кәсіптік оқытуға өтінімдерді орналастырады.

Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы шеңберінде жұмысқа орналастыруға мониторинг жүргізу және есепке алу тетігі

1) жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды «Еңбек нарығы» ААЖ-дан шығару зейнетақы аударымдары болған немесе жұмыс берушілер жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер ұсынған кезде немесе Заңның                  16-бабында көрсетілген себептердің негізінде жүргізіледі.

Ізденушілер өз бетінше порталға орналастырған өздері туралы деректер (резюме) деректерді ұсыну кезінде өз бетінше белгілеген мерзімде, бірақ деректерді ұсынған сәттен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде порталдан автоматты түрде жойылады. Ізденушілер өз бетінше өз деректерін порталға қайта орналастырады;

2) зейнетақы аударымдары туралы деректерді салыстырып тексеру аптасына бір рет жүргізіледі;

3) ізденушілерді жұмысқа орналастыру белгіленген нысанда ведомстволық статистикалық есептілікте көрінеді.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру және сүйемелдеу кезіндегі өзара іс-қимыл тетігі

1) Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ мен порталды қоса алғанда, «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын республикалық деңгейде сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек нарығын дамыту орталығы» АҚ қамтамасыз етеді;

2) «Еңбек нарығы» ААЖ-ны өңірлік деңгейде қалыптастыруды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді;

3)  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы (ағымдағы жылғы) деректерді Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына шығаруды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

 

5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету

Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған қаражат қалдығы және жалпы сипаттағы трансферттерді үнемдеу бойынша көрсетілген қаражатты мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:

1) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);

3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу;

4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.

 

Іске асыру тетігі

1) Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді және іске асыруды:

1-1) пайдаланылмаған қаражат қалдығы және жалпы сипаттағы трансферттер бойынша үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;

1-2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

1-3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;

1-4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;

1-5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;

1-6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;

1-7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;

1-8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;

1-9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.

Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.

Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерінсіз және құны                3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;

2) жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға өздігінен жұмсай алады;

3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:

3-1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

3-2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;

3-3) қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және  уақтылы игерілмеуінің себептері;

3-4) жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;

4) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:

4-1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

4-2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4-3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;

5) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

 

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК (Ведомствоаралық комиссия), Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

республикалық деңгейде:

1) ВАК;

2) Бағдарлама операторлары;

облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:     

1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;

2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде:

1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;

2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
          1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде  халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

2) Бағдарламаны іске асыруға мониторингті қамтамасыз етеді;

3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;

6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру  лимитін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;

7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы:

1) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін айқындауға, сондай-ақ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдірген адамдарды тартуға қатысады;

2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

3) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;

4) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;

5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру карталарын әзірлейді;

6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар:

1) ТжКБ бар кадрлар даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесін және мамандықтардың тізбесін келіседі;

2) білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқулардың құнын белгілейді;

3)  ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлерді іздеу және тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтарды құру туралы шешім қабылдайды;

4) МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;

5) ТжКБ бар кадрлар даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

6) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтарды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;

8) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейіндегі барлық операторлардың Бағдарламаның бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстарын үйлестіреді;

2) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі, кент, ауыл және ауылдық округ деңгейінде Бағдарламаның шараларын тиімді іске асыруды және мониторингті қамтамасыз етеді;

3) Бағдарламаның үшінші бағытының іс-шараларын және бірінші бағыт шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша қаржыландыруға қаражат орналастырады;

4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;

5) басқа да жергілікті органдармен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады;

6) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа талдау, болжам жүргізеді;

7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмысын ұйымдастырады;

8) Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді;

9) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;

10) ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:

1) мобильді топтар ұсынған деректер негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың қарауына шығарады;

2) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін қалыптастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

3) ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша мониторингті үйлестіреді және жүзеге асырады;

4) бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға қаражатты орналастырады;

5) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) ӨКП-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады;

2) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

3) микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражатты бөледі;

4) ауылда және аудан орталықтарында «Бастау Бизнес» жобасының іске асырылуына және қалаларда микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;

5) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

1) «АШҚҚҚ» АҚ және микрокредит беру ұйымдарының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

2) микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржылай қаражатты бөледі;

3) ауылда микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

4) МҚҰ-ның операциялық шығындарына субсидиялауды жүзеге асырады;

5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;

6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

Жергілікті атқарушы органдар – аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:

1) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдемдеседі;

2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

3) ӨКП-мен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру картасын айқындайды;

4) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпорындар мен ұйымдарға және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;

6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Жергілікті атқарушы органдар – кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері:

1) елді мекендерде Бағдарлама шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп халық арасында Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультация береді және қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/өңірлік кәсіпкерлер палаталарына/екінші деңгейдегі банктерге/МҚҰ-ға жібереді;

4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысады;

5) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

6) ауданды және елді мекендерді мамандандыру картасын дайындауға қатысады;

7) Бағдарламаның әртүрлі бағыты бойынша қатысатын адамдарға мониторинг жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

1) Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;

2) Бағдарламаға қатысушылардың тізімін қалыптастырады және оларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға білім беру ұйымдарына жібереді;

3) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

4) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

5) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды;

6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимылын үйлестіру мәселесімен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.

Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың осы Бағдарламада көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттіліктері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.

 

6. Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыруға:

1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 295 647 мың теңге,   2018 жылы – 40 664 637 мың теңге, 2019 жылы – 41 540 291 мың теңге  көзделеді;

2) жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.     

 

 

 

 

 

 

[1] Дүниежүзілік Банктің талдау хаты, «Қазақстан: жұмыс орындарын құру стратегиясын әзірлеу жолында» 2016 жылғы маусым

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі