Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 11 гостей.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның ережесі

Жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның ережесі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

         1. Облыстық конкурстық комиссия (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) білім беру гранттарын тағайындау жұмысын жүзеге асыру үшін «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына сәйкес құрылады.

2. Конкурстық комиссия өз жұмысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, осы Ережені және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

 

2. Конкурстық комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

         3. Конкурстық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге білім беру гранттарын тағайындау болып табылады.

         4. Конкурстық комиссия қойылған міндеттерді іске асыру үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің және кешенді тестілеудің нәтижелерін қарастырады, сертификаттағы балдарға сәйкес бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде білім беру гранттарын тағайындайды.

         5. Конкурстық комиссия:

         1) өз құзыреті шегінде білім беру гранттарын тағайындау рәсімдерін ұйымдастыруды жүзеге асыруға;

         2) білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос орындарды, өтініш білдірген оқыту нысанына және тіл бөліміне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға мамандық топтарының ішінде қайта бөлуге;

         3) мемлекеттік білім беру тапсырысының резервінен білім беру гранттарын тағайындауды жүзеге асыруға;

 

 

3. Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру

 

6. Жергілікті атқарушы органның конкурстық комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлерінен, Жамбыл облысында орналасқан жоғары оқу орындарының  басшылары санынан қалыптастырылады.

Жергілікті атқарушы органның конкурстық комиссияның төрағасы Жамбыл облысының әкімі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органның конкурстық комиссия туралы ереже Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

7. Жергілікті атқарушы органның конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Жергілікті атқарушы органның конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 17-25 тамыз кезеңінде өткізіледі.

8. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

9. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Конкурстық комиссияның жоғары оқу орындарына қабылдауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған мәселелер бойынша шешімдері хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған барлық мүшелердің қолдары қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі