Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 17 гостей.

Жаңғыру кабинеті ашылды

Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп –интернатында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Білім бәйгесіндегі үздіктердің қатарындағы білім мекемесінің оқушылары енді осы жерде туған жердің тарихымен терең танысып, қазақ халқының рухани құндылықтары жайында толыққанды мәлімет алады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шыққанына жылға жуықтады. Мақалада халқымыздың рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, сонымен бірге заман талабына сай тура жолға қою турасындағы бағыттар айқындалған. Білім мекемесінің ұжымы осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Бүгінгі ашылған рухани жаңғыру бөлмесі соның бір көрінісі. Мұнда таяу жылдардағы міндеттерді жүзеге асыру үшін «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды жобалар бойынша жұмыстар атқарылуда. 

Диас Тәкенов, ДАРЫНДЫ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИНОВАЦИЯ» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Келген қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алған мектеп –интернат ұжымы құрылған уақыттан бергі білім мекемесінің табыстары мен оқушыларының жетістіктерімен бөлісті. 9 жыл үздіксіз олимпиадаға дайындайтын үздік мектеп атағына ие.  323 бала оқып жатыр.Үздіксіз ізденіс нәтижесінде алған асулары да орасан. Оқушылар тек білімге ғана емес, спорт пен өнерге де бейім.  Дөңгелек үстел басында еркін әңгіме өрбіткен жастар, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Рахия Тұрмаханбетова, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мәңгілік елдің болашағына нық сенім басатын тұлға қалыптастыру – мектептің негізгі ұстанымы. Өз түлектерінің бойында көшбасшылықты дамыту – басты бағыттарының бірі. Дарыны ерек балалардың ізденімпаздығына тәнті болған аймақтың бас мұғалімі мектепті білімнің  нағыз салтанат құрған мекеніне теңеді. 

А. Тілеуханқызы, Н. Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары