Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 12 гостей.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Өлкетану», «Туған өлке тарихы», техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстарының енгізілуі туралы

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жүзеге асыру мақсатында білім мен ғылымға, тәрбие саласына үлкен мән беріп отыр.  «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей әрбір жеке тұлғаны білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, жаһандық өзгерістерге бейімделген, туған өлкенің тарихын зерттеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

       Осыған орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді  жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің  7,8 сыныптарына арналған «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің 1-2 курс студенттеріне арналған «Тарихи өлкетану»,  «Әдеби өлкетану» курстары оқу үдерісіне енгізілді.

       Облыс бойынша 316 жалпы орта білім беретін мектептерге «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары, 29 техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстары енгізілді.

       Жалпы орта білім беретін мектептердің 7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» курсы 2017-2018 оқу жылында оқу жүктемесі аптасына бір сағат, жылына 34 сағатты, 8 сынып оқушылары үшін «Туған өлке тарихы» курсының оқу жүктемесі аптасына бір сағаттан, жылына 34 сағаттан енгізілсе, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің 1-2 курс студенттеріне «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстарының аптасына бір сағаттан, жылына 36 сағаттан жүргізіледі.

       Жалпы орта білім беретін мектептердің «Өлкетану» курсы аясында оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыруға, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін, қоршаған табиғи ортаны аялауға, тәрбиелеуге баулиды.  «Туған өлке тарихы» курсы оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын тарихи, археологиялық, мәдени білімдерін қалыптастыруға, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандары туралы дерекнамалық мәліметтерді жинақтауға бағыт береді.

«Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстары өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыруды ұғындыру, туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің пайда болуы мен құндылығын түсіндіру, туған халқының тілі мен  әдебиетіне деген  танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады.

       Мектеп оқушылары таңдау курсынан аңыз-ертегілердің мән-мағынасын түсіну және оларды талдауды, жер, қалалар, өзендер, көлдер, таулар атауларының шығу тарихын, археологиялық ескерткіштерін, туған өлкенің флорасы мен фаунасын және өлкенің халықаралық дәрежедегі ескерткіштерін, туған жері үшін кеше және бүгін қызмет еткен еңбек ерлерінің ерен еңбектерін, өлкенің ұлттық қолөнерін танып біледі. Ал І, ІІ курс студенттеріне жергілікті жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуы (этимологиясы) туралы аңыздар мен қисса-дастандар, зерттеулер, бұл атаулардың пайда болу тарихын, қаламгерлердің ұлт санасын оятудағы ізденістері мен тарихын және туған жерге байланысты жазған шығармаларын, жергілікті ғалымдардың ғылыми еңбектерімен және Шу, Талас алқаптарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен, Ежелгі  Тараз өңіріндегі тарихи шайқастармен, Қазақ хандығының құрылу тарихымен, өңірде мекендеген өзге ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысады. Сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу, саяхат жасайды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері М.Жанысбаева

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі