Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 2 гостя.

"ЕРЕКШЕ" БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

2 сәуір -  Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Атаулы күнге орай 2 сәуір күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы мен ата-аналардың бірлескен қоғамының ұйымдастыруымен «Біздің ерекше балаларымыз» аты балалар шығармашылығының көрмесі өтті.
Аутизм туралы ақпарат тарату, қоғам  назарын аутизм  мәселесіне  аударту мақсатында ұйымдастырылған көрме барысында ерекше балалардың салған суреттерін, қолөнер бұйымдарын көрермен назарына ұсынды.
Көрме соңында балалар мен ата-аналар және көрме қонақтары аутизмнің символикасына айналған көк түсті шарларды ұшырды. Неге көк түс десеңіздер, дүние жүзілік мәлімет бойынша, аутизм ұл балаларда жиі кездеседі екен. Сол себепті көк түс аутизмнің белгісі ретінде алынған.
2007 жылдың 18 желтоқсанда "2 сәуір – аутизм мәселесі жайлы ақпарат таратылатын күн" болып белгіленді. Осы  күні  бүкіләлемде  аутизм жайында айтылады, олармен қалай қарым-қатынас жасау, мәселені бірлесе қалай  шешу, қоғамда толыққанды  өз  орнын  табуда кездесетін қиындықтар  туралы  ақпараттар  таратылады. 
Жыл сайын осы күні  әлемнің әр түкпірінде  аутизмге шалдыққан балалардың қатысуымен түрлі акциялар ұйымдастырылады.
2017 жылдан бастап облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығының мамандары аутизм белгісі бар  балалармен және олардың ата-аналарымен, түзету кабинеттері  мамандарымен, жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерімен  бірлесе  жұмыс  жүргізуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстық  ПМПК  мамандары аталған топтармен  дөңгелек  үстел  өткізуді  жоспарлап  отыр.       Сонымен қатар, сәуірдің 13-14 күндері «Аружан»  логопедиялық  орталығымен  бірлесе «Сөйлеу  тілі  қалыптаспаған  балалармен  жұмыс: сөйлеуден  сөйлеуге  дейін»  тақырыбында  оқыту  семинарын  өткізеді.  
Аутизм – психикалық дамудың бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен байланысты болып келетін, неврологиялық бұзылыс. Ол туа бітті пайда болатын ауытқу. Оның белгілері ерте жаста (0-3 жас) айқындала түседі. Әлеуметтік дағдыларының, қарым-қатынасқа түсу қабілеттерінің, сонымен қатар мінез-құлық ауытқуларының орын алуы аутизмге тән құбылыстар болып табылады. Қайталана беретін қимылдары мен сыртқы тітіргендіргіштерге жоғары сезімталдық танытатын қылықтары айқын көрініс табады. Кейінгі кезде аутизммен ауыратын балалар саны күрт өсуде. Дүние жүзі бойынша, бұл дерттің себеп-салдарын анықтау қиынға соғып отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл дертті тудыратын 30-дан астам себептер бар. АҚШ мамандарының есебі бойынша, әр 68 бала аутизмге шалдыққан. Әлемдік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметі бойынша, жыл сайын орта есеппен алғанда аутизмі бар балалар саны 37% өсуде. 

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Үздік педагог 2018

Өлкетану

3d музей. Школы Жамбылской области

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары