Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 2 гостя.

Ереже

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 04.12.2017 жылғы  №529 бұйрығымен бекітілген

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу

 ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу ережесі (бұдан әрі – Ережер) Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қазандағы №342 қаулысына және «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мектеп-интернат) тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу тәртібін белгілейді.

2. Мектеп-интернатқа әлеуметтік жағдайына қарай:

  • көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  • аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балалар;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
  • жалғыз басты аналардың (әкелердің) балалары;
  • ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің өмірі, еңбек, денсаулық жағдайларына байланысты қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар;
  • мектебі жоқ, тиісті мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балалар қабылдауға, оқытуға жіберіледі.

 

2. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберуді ұйымдастыру

3. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамын, оның ішіндегі төраға мен жауапты хатшыны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бекітеді.

4. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу бойынша комиссияның құрамына облыстық білім басқармасының, мектеп-интернат директоры және білім саласындағы бақылау департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мектеп-интернаттың қамқоршылық кеңесінің өкілдері келісімдері бойынша кіреді.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мектеп-интернатта қалыптасқан бос орындары негізінде тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу үшін құжат қабылдау мерзімін анықтайды.

6. Құжат қабылдау мерзімі туралы хабарлама білім басқармасының интернет ресурсы, сондай-ақ облыстық бұқаралық ақпарат құралдары, аудандық білім бөлімдері арқылы кемінде 15 (он бес) күн бұрын  хабарлануы тиіс.  

7. Комиссия отырысы құжаттарды  қабылдау күні аяқталғанан кейін 3 жұмыс күні  ішінде өткізіледі және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, комиссия отырысы өткізілді деп есептеледi.

8. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу бойынша құжаттарды қабылдау:

1) комиссия төрағасының атына еркін нысанда өтініш;

2) ата-аналардын (оларды алмастырушылардың) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) баланың тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасы;

5) әлеуметтік көмекке мұқтаждығын растайтын анықтама немесе тұрмыстық жағдайларын анықтау актісі (бар болған жағдайда);

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар кері қайтарылады.

9. Қабылданған құжаттар саны мектеп-интернатта қалыптасып отырған бос орындардың санынан асқан жағдайда комиссия мүшелері ең алғашқы кезекте мектеп-интернатқа орналасуға мұқтаж балалардың тізімін анықтап, комиссия отырысы хаттамамен рәсімделеді.

 

 

3. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу

10. Комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберілген балаларға жолдама беріледі.

11. Балалар мектеп-интернатына алған жолдама және мектеп-интернаты директорының бұйрығы негізінде қабылданады.  

12. Мектеп-интернатқа тәрбиеленушілерді қабылдауға, оқытуға жіберу нәтижесі туралы ақпарат комиссия отырысы өткеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей мектеп – интернаттының ақпараттық стендісінде немесе Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының интернет ресурсында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі