Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 4 гостя.

БЕРЕРІ ОРАСАН БЕС ƏЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

Жасыратыны жоқ, Елбасымыздың сара саясаты арқасында Қазақстан бойына күш, қазынасына қаржы жинаған, қуатты елге айналды, соның қызығын қашан көреміз деген ой соңғы кездері әрқайсымыздың көкейімізде жүрген. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда «міне, сол күн де туды»! Халқымыздың, Тәуелсіздігіміздің тарихында айрықша орын алатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасы Парламент қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халыққа үндеу жариялады. Қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт туғанын, біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асыратынымызды атап көрсетіп, мемлекет әлеуметтік салада түбегейлі шараларды қолға алатынын жеткізді. 

Иә, айтса айтқандай-ақ, Президентіміздің бес бастамасының қай қайсысы да халқымыздың әлеуметтік жағдайын күрт көтеретін бастама. Атап айтқанда бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша  «7 – 20 – 25» бағдарламасы ұсынылып отыр. Ол бойынша несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарна баспана құнының 20 процентінен аспауға тиіс және несие мерзімі 25 жылға дейін болады. Осылайша баспанасыз жүрген мыңдаған қазақстандықтың арманы ақиқатқа айналмақ!

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бойынша Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынып отыр.  Яғни, ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесі жеңілдетіліп, салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалмақ.

Үшінші бастама бойынша  «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» көзделіп отыр. Елбасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлуді, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеруді, әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуды ұсынды. Жатақхана тапшылығын біржола шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керектігін атап көрсетті.

Елбасымыздың бұл тарихи бастамаларын облыс білім саласы қызметкерлері де зор қуанышпен қарсы алып, қызу қолдау білдіруде. Себебі, баспана кезегінде тұрғандар мен жалақысы төмендер қатарында ұстаздар қауымы да аз емес.

Бізді айрықша қауантқаны Мемлекет басшысының бұл ұсыныстың бәрі есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама, елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба екендігін атап көрсетуі. Олай болса халқымыздың әлеуметтік жағдайын айрықша жақсартқалы отырған бұл түбегейлі шаралардың толық жүзеге асатынына күмән жоқ.

«Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады» депті Елбасы өз үндеуінде. Бұл тарих тезінен өткен, өмірдің өзі сан рет дәлелдеген шындық. Ендеше біздің – қазақстандықтардың міндеті «балталаса да  бұзылмайтын берік ауызбіршілік» таныту. Бұл орайда біз Елбасымыздың тарихи әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіруге, қоғамдағы ауызбіршілікке ұйытқы болуға шақырамыз.

ӘУЛИЕАТА ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы

Ақпараттық жүйелерді зерттеу сауалнамасы

«Бағдарламалау және робототехника курстары» сауалнамасы

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

3d музей. Школы Жамбылской области