Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 12 гостей.

«Мәңгілік Ел» идеясы – оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асырудағы жаңа бағыт» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті

      2017 жылдың  3 қазан  күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   Тараз  қаласындағы  физика-математикалық  бағытындағы Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  базасында  «Мәңгілік Ел» идеясы – оқушылардың бойында ұлттық  құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асырудағы жаңа бағыт» тақырыбында  облыстық  ғылыми-әдістемелік семинар өткізіліп, оған 113 педагог (ЖОО-ның ғалымдары, НЗМ мұғалімдері, әдіскерлер, мектеп басшылары, аудандық «Мәңгілік  ел»  тәрбие  және  білім  беру  орталықтарының  басшылары,  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері) қатысты.

Іс-шараның мақсаты - білім беру мекемелеріндегі «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыру, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету.

     Іс-шара барысында  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы»  кафедрасының  доценті, п.ғ.к. Д.Байдалиевтің «Рухани  жаңғырту – қоғамдық сананы жаңғырту»,  «Өрлеу»  БАҰОАҚ  филиалы Жамбыл  облысы  бойынша педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының  «Басқару және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ж.Өскенбаеваның  «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясын   енгізудегі педагогтің  рөлі»,   М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің   «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Р.Тобаджановтың  «Өскелең  ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында  қазақстандық біртектілік принциптерінде  тәрбиелеу» және т.б  тақырыптарда  баяндамалар  тыңдалды.

       «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тәрбие үдерісіне енгізу тәжірибесімен бөліскен НЗМ ұжымы оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы олардың ұстанымын нығайту, көпшілдігі мен шығармашылығын жүзеге асыру жолдарымен, «Мәңгілік ел» құндылықтарын дамытудағы жаңа тәсілдерімен, әлеуметтік жобалармен, ата-аналармен байланыс және психологиялық бағыттағы тиімді технологиялармен таныстырды және  «Мәңгілік ел»  ұлттық идеясы  құндылықтарының оқу мен оқытудағы маңыздылығы»,  «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясын   енгізудегі педагогтың  рөлі», «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және оны тәрбие жүйесінде іске асыру жолдары» тақырыптарында баяндамалар, «Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы  мектеп пен отбасының  рөлі» тақырыбында әлеуметтік  жоба, «Жеке  адам  құндылықтары» атты коучинг, «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты  шеберлік - сыныптар  ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар мектеп оқушыларына «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беруді  жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты, әдістемелік  көмекші құралдармен  қамтамасыз  етілді. 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі