Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 10 гостей.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттарын беру бойынша облыстық конкурстық комиссияның ережесін және құрамын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына АНЫҚТАМА

«Жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды

даярлауға арналған білім беру гранттарын беру бойынша облыстық конкурстық комиссияның ережесін және құрамын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына

 

АНЫҚТАМА

 

         «Жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттарын беру бойынша облыстық конкурстық комиссияның ережесін және құрамын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына,  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  6-бабының 2-тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес әзірленген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы №60 Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Бюджеттік кодексіне және Білім туралы заңға өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 54 баптың 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау облыстық бюджеттің шығыстары арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына сәйкес облыстық конкурстық комиссия туралы ереже мен оның құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Аталған қаулыға сәйкес осы қаулы жобасымен облыстық конкурстық комиссия туралы ереже әзірленіп, төмендегі құрамда комиссия құрамын бекіту ұсынылуда:

Көкрекбаев Кәрім Нәсбекұлы - комиссия төрағасы, облыс әкімі

Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы - комиссия төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары

Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы - облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы

Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы - облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Аралбекова Карлыгаш Амировна - Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы - облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының  басшысы

Күзембеков Біржан Мықтыбекұлы - облыстық мәслихатының аппарат басшысы  (келісімі бойынша)

Қожамжарова Дария Пернешқызы - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры

Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

Бекбатырова Жамиля Елеуовна - облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Досыбаева Айдын Орынбековна - облыстық білім басқармасының орта білім беру бөлімінің басшысы

Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы  - Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры (келісімі бойынша)

Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы - «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісімі бойынша)

Дастан Исламбек Дастанұлы  - Жамбыл облыстық ұйымдастығының қауымдастығы (Заңды тұлғалар Президентінің бірлестігі) облыстың қоғамдық кеңес мүшесі (келісімі бойынша)

Усеинов Нұрсеиіт Мейрамбекұлы - Ұлттық бірыңғай тестілеудің №144 филиалының жетекшісі

         Конкурстық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге білім беру гранттарын тағайындау болып табылады.

   Аталған жоба қабылданған жағдайда жергілікті бюджет қаражат есебінен білім беру гранттары өңірдегі кадрлар қажеттілігіне сәйкес бөлініп, Қазақстан Республикасының азаматтарының жоғары білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, өңірдің кадр тапшылығын азайту, білікті мамандарды даярлау сынды әлеуметтік жағымды нәтижелерге қол жеткізіледі.

Қаулы жобасы жеке кәсіпкерлердің мүдделеріне қайшы келмейді. (Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшы қорытындысын алу үшін 01.08.2017ж.№01-2694 хат жолданды  ).

         Қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің сайтында (2.08.2017 жылдан zhambyl.gov.kz), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының сайтында (zh-bilim.kz) жарияланады.

          Сондай ақ, қаулы жобасы 2017 жылдың 2 тамызында көпшілік талқылау үшін  «Электрондық үкімет» жүйесінің «Ашық НҚА» порталында орналастырылып, ағымдағы жылдың 10 тамызында аяқталады.

         Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуіріндегі «Құқықтық актілер» туралы Заңының 20 бабына сәйкес ереже жобасы 2017 жылдың 2 тамызда Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесіне жолданған.

                  Қаулы жобасы құқықтарды шектемейді, азаматтардың заңмен бекітілген бостандығы мен мүдделерін бұзбайды және қазіргі қолданылып жүрген заңнамаға қайшы келмейді.

         Жоғарыда баяндалғандар негізінде қаулы жобасы Жамбыл облысы әкімдігінің қарауына енгізу үшін ұсынылады.   

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

білім басқармасы басшысы                                                Р.Тұрмаханбетова

 

Білім басқармасының техникалық

және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы                         Б.Омаров

 

Персоналды басқару бөлімінің

бас маманы, заңгер                                                              Н.Сақыпбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі