Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №35
Индекс: 080012 
Ақпарат алмасу телефоны 43-88-05 
Сенім телефоны 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru
Адрес:г. Тараз, ул.Толе би №35
ин. 080012 
Контактная информация по телефону 43-88-05 
Телефон доверия 43-88-81 
E-mail: taraz_0000@mail.ru

Управление образования

акимата Жамбылской области

-A A +A

Басшы блогы

​​​​​

"Ұрпақ +" клубы

Зияткерлік-танымдық ойындар мен конкурстар

"Балаға мейірімді Қазақстан!"

ЭКСПО-2017: Кешенді бағдарлама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жүйеге ену

Жаңалықтар жиынтығы

Қазір сайтта

Сейчас на сайте 0 пользователей и 13 гостей.

«АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының жұмыстары

     Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық, адалдық, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп 2016-2017 оқу жылында «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын» әзірлеген.

      Бүгінгі күні бағдарлама жоспарына сәйкес облысымыздың 390 мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, онда 12047 бала мүшелікке қабылданған. «Парасатты азамат» бұрыштарында жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттар орналастырылған.  

      Бағдарлама жоспарына сәйкес 268 мектепте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны, 206 мектепте «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы, 337 мектепте «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы, 89 мектепте «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.

      Жалпы орта мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында облыстық сурет байқауы өтті. Байқауға жалпы облыс бойынша 120 оқушы қамтылып, облыстық кезеңге 28 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Тараз қаласы, №36 орта мектептің оқушысы Ізбасар Еркеайым, Тараз қаласы, №36 орта мектептің оқушысы Ізбасар Махат, Жамбыл ауданы, Әкім Тарази атындағы орта мектептің оқушысы Аярбек Азат, Жамбыл ауданы, Б. Кейкеев атындағы орта мектептің оқушысы Қадір Мейіржанның жұмыстары үздік деп танылып, марапатталды.

 

                   Құрметті слетке қатысушы оқушылар!

                   Құрметті әріптестер!

         Елім деген әрбір азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан түрлі мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ата  заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» деген еді. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Осы жолды барлықтарың мұрат етулеріңді сұранамын.

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

"Қазақстандағы 100 жаңа есім"

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

"100 нақты қадам" – Ұлт жоспары

 

  

WORLDDIDAC Astana 2017

Жемқорлыққа жол жоқ

Серпін- 2050 Мәңгілік ел жастары

«БІТІМГЕР» медиация және құқық орталығы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі